Сот органдары заманауи электрондық жүйелерді белсенді қолдануда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Ақмола облыстық сотының кеңсесі облыс соттарының кеңсе қызметкерлеріне арнап сот органдарында заманауи электрондық жүйелерді қолдану тақырыбына семинар өткізді.  

Бұл маңызды шара Ақмола облыстық соты төрағасының м.а. С.М.Өскембековтің, облыстық сот судьяларының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің жалпы бөлімінің сектор меңгерушісі Қ.Б.Жоламанованың, Ақмола облысының адвокаттар алқасы, «Қазпочта» АҚ өкілдерінің, облыс соттары кеңсе меңгерушілерінің қатысуымен өтті.

Ақмола облыстық сотының кеңсе басшысы Д.С.Сарымсақов өзінің ашу сөзінде: «Жоғарғы Сот тұрғындар үшін сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Сот кабинеті» электрондық сервисін сәтті енгізіп, жүзеге асыруда. Сот жүйесіне заманауи технологияларды ендіру мен пайдалану сот ісін жүргізуді оңайлатып, бюрократтық кедергілерді жойып, сот жүйесінің қызметкерлерінің азаматтармен  байланысын азайтып, сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алады және ел тұрғындары үшін сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығына толықтай қол жеткізуіне септігін тигізеді» - деді.

Семинарда шақырылған адвокаттар алқасы мен «Қазпочта» АҚ өкілдері сот жүйесінің электронды жаңа енгізілімдері туралы, атап айтқанда, «Сот кабинеті» электронды сервисі, сот органдарының ішкі порталының жұмысы, пошталық идентификаторы бар штрих кодты қолдану барысымен танысты.

Семинар соңы қызу талқылауға ұласып, қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды. 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі