Сот медиациясы рәсімін қолданудың өзекті мәселелері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облыстық сотында «Сот медиациясы рәсімін қолданудың өзекті мәселелері» тақырыбына семинар өтті.

Семинарға әкімшілік және азаматтық істер бойынша апелляциялық сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Б.К. Маймақов, азаматтық істер бойынша апелляциялық сот алқасының судьясы Д.В. Крюков, сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты 2014 жылдың сәуір айынан бастап Азаматтық сот өндірісіне судьяның қатысуымен бітімгершілік рәсімдерді (сот медиациясын) енгізудің пилоттық жобасын іске қосты.

Семинар қатысушылар дауды судья қатысуымен медиация тәртібі арқылы шешу әдісін талқылады .

Тараптар кез келген сәтте, бірінші немесе апелляциялық сатыда яғни судья кеңес бөлмесіне кетпей тұрып дауды медиация тәртібімен шешуге өтініш беруге болады.

Медиация тәртібімен татуластыру рәсімі тараптардың келісімімен  - татуластырушы судьямен немесе медиатордың көмегімен жүргізіледі.

Сот ұйғарымының негізінде іс компьютермен автоматты түрде бөлу арқылы татуластырушы судьяға беріледі, ол сот медиациясының өтетін күнін белгілейді. Татуластырушы судья соттық медиацияны жүргізу барысында АІЖК мен «Медиация туралы» заңда белгіленген ережелерге сүйенеді.

Тараптар медиацияға өз еріктерімен қатысады және сот шешімін мәжбүрлі орындатумен байланысты сот шығындары және мемлекеттік баж салығынан босатылады.

Медиация рәсімінің маңызды принциптерінің бірі – құпиялылық. Аталған принцип келісімге келуді және осы іс бойынша даудың жариялы болуын немесе өзінің дауға қатысын құпия сақтағысы келетіндер.

Осы жобаның мақсаты – тараптардың арасындағы мәмілеге қол жеткізу және оны кеңейту болып табылады, сондай – ақ құқықтық мәдениеттің деңгейін жоғарлату, дау – дамайды соттан тыс әдістермен шешуді татуластыру рәсімімен шешуді жетілдіру.

Модератор медиация рәсімін қолданумен жұмыс жасауды жалғастыруға, сондай – ақ халық арасында рәсімді түсіндіруге белсенді жұмыс атқаруға нұсқама берді. 

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы