Сот ісін жүргізудегі онлайн технологиялар қоғам мен мемлекет игілігіне айналуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Сот кабинеті» электронды сервисі Қазақстанның сот жүйесінде сәтті іске асырылуда. Айталық, 2014 жылғы 21 шілде мен 4 тамыз аралығында Жоғарғы Соттың «Сот кабинеті» арқылы электронды түрдегі 1002  өтініш берілді. 

«Сот кабинеті» - бұл сот органдарының онлайн сервистеріне және көрсететін қызметтеріне қол жеткізетін жалғыз терезе. Осы арқылы азамат, оның өкілі немесе адвокаты өзіне ыңғайлы кез келген уақытта, үйден, кеңседен шықпай-ақ, интернет желісі арқылы өтініш пен арызды электрондық түрде жібере алады, мемлекеттік бажды онлайн режимінде төлеп, сот құжатын, сондай-ақ істің бүкіл тарихын қарап, сот актісін басып шығара алады және аталған істің процессуалдық мерзімдерін де қарай алады.

«Сот кабинеті» сервисі арқылы тұтынушылар сотқа мынадай өтініштер бере алады:

1)    талап арыз;

2)    электронды нұсқадағы сот отырысының хаттамасын беру туралы өтініш;

3)    сот отырысы хаттамасына ескертпе өтініш;

4)    өтініш.

«Сот кабинеті» сервисі ЖСН немесе БСН, сондай-ақ құпия сөз арқылы жүзеге асырылады.

Жоғарғы Сот сот процестеріне қатысушылар мен азаматтардың пікірін ескере отырып, онлайн сервистерді пайдалану бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді. Осылайша, онлайн сервистерді жаңғырту және сот ісін жүргізуді жеңілдету мәселелері шешімін табуда. 

Қазіргі таңда «Сот кабинеті» жобасы шеңберінде апелляциялық, кассациялық шағымдар мен қарсылықтар, сондай-ақ сот актілерін қадағалау түрінде келіспеушілік білдіру бойынша өтініштер беру мүмкіндігі қарастырылуда.

 

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі