Павлодарда ақшалай қаражатты немесе өзге де заңсыз жолмен алынған мүлікті заңдастыруға қарсы әрекет мәселері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылғы 26 тамызда «Достық үйі» мәдени-сауық орталығында «Ақшалай қаражатты немесе өзге де заңсыз жолмен алынған мүлікті заңдастыруға қарсы әрекет мәселелері» атты ҚР Жоғарғы Соты мен Герман халықаралық құқықтық қатынастар жөніндегі қорымен өзара қарым-қатынас орнату мақсатында неміс сарапшыларының қатысуымен аймақтық семинардың ашылуы өтті.

Павлодар облыстық сотының төрағасы Ә.Қаженов Герман халықаралық құқықтық қатынастар жөніндегі қорының сарапшыларын, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдерін аталмыш шараға қатысқандары үшін алғысын білдірді.

Семинар жұмысына ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Өмірсерік Сағындықұлы Қожабаев, Төменгі Саксония Әділет министрінің орынбасары (отставкада), Герман  халықаралық құқықтық қатынастар жөніндегі қорының сарапшысы, доктор Юрген Элеркинг мырза, Целле қаласы Бас прокуратурасының аға прокуроры, сарапшы Габриэле Лаунхардт ханым, жобалар менеджері Амалия Вуккерт ханым, прокуратура органдары, ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер, әділет және салық қызметінің басшылары мен өкілдері, облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Семинар барысында Қор сарапшыларының «Германиядағы ақшалай қаржынының ағылуымен құқықтық күрес», «Германиядағы ақшалай қаржының ағылуымен институционалдық күрес (Тұтқындалған мүлікті басқару)», сондай-ақ  Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының төрағасы Н.Жолдасбековтің, Павлодар қаласы №2 сотының судьясы Ж.Тілегенованың, Павлодар облысы ІІД өкілі А.Салықовтың, Павлодар қаласы прокуратурасының өкілі А.Қазбековтың заңсыз жолмен алынған мүлікті немесе ақшалай қаржыны легализациялауға қарсы шаралары аясында негізгі баяндамалар тыңдалды.

Семинар жұмысын 2014 жылғы 27 тамызда Павлодар облыстық сотының конферен-залында жалғасын табады. Тақырыпқа сәйкес жинақталған мәліметтер бойынша семинарға қатысушылармен талдау-сараптау жұмыстары өткізіліп, ҚР «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңын тәжірибеде қолдану үшін ұсыныстар енгізу жоспарлануда.

Қор жобалар менеджері А.Вуккерт пен Жоғарғы сот судьясы Ө.Қожабаев Павлодар облыстық сотының төрағасы Ә.Қаженовке іс-шараны жоғары дәрежеде ұйымдастырылғаны  үшін өздерінің ықыластарын жеткізді. 

Источник: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі