Павлодар облысында сот ата-ана құқығын шектеуден бас тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысы Железин аудандық сотымен «Железин ауданының білім беру бөлімі» ММ-нің азаматша Н.-ға ата-ана құқығын шектеу туралы талап арызы қаралды.

Азаматтық талапқа сәйкес, жауапкер Н. өзінің кәмелетке толмаған балаларының тәрбиесімен және оқуымен айналыспай, материалдық жағынан оларды қамтамасыз етпейді.

Башмашын ауылдық округі Әкімдігінің деректері бойынша ерлі-зайыптар балалардың тәрбиесімен тиісті түрде айналаспай, спирттік ішімдіктерді қолданады.

Сот отырысы барысында жауапкер талапты мойындамай, соттан талап арызды қанағаттандырудан бас тартуды сұрады.

«Башмашын орта білім беру мектебінің» өкілі кәмелетке толмаған балалар сабаққа тұрақты қатысатынын және балардың сыртқы келбеті таза және мұнтаздай, ата-аналары балаларының оқу процесіне қатысатынын түсіндірді.

 АПК-нің 72-бабының бірінші тармағына сәйкес, әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.

Осылайша, талапкер жауапкермен балаларды тәрбиелеу міндеттерінен жалтарағаны немесе ата-ана құқығын теріс пайдаланғаны туралы дәлелдемелер келтірілмеген.

Сот іс материалдарын зерттеп, тараптардың түсініктемесін, прокурордың қорытындысын есепке алып, азаматша Н.-ны ата-ана құқығынан шектеу туралы талап арызын  қанағаттандырудан бас тартты.

 Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі