Павлодар облысы соттарының жас судьяларының кеңесінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл толуына орай бірқатар іс-шара өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Павлодар облыстық сотында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған бірқатар іс-шара өтті. Іс шараға облыс судьялары мен сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

Шараны сот жүйесінің ардагері, заң ғылымдарының докторы А.Хамзин ашты.

Бұл мейрам әрбір азаматы үшін маңызды, ал сот жүйесі үшін оның орны ерекше, кәсіби мейрамы болып саналады. Конституцияда бекітілген негізгі принциптерге сәйкес азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған сот төрелігін жүзеге асырудағы соттың қызметі құрылған деп айтып өтті А.Хамзин.

Жұмыс өтілі 3 жылдан аспайтын, жаңадан тағайындалған судьялардың арасында Крнституция нормалары мен тарихты білу, сөз шешендігі өнері байқаулары бойынша сайыс өткізілді. Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларына сілтеме жасау арқылы шығарылған үздік сот актісіне сайыс жарияланды.          

Аталмыш шараның Павлодар облыстық соты жанындағы жас судьялар кеңесі ұйымдастырды. Олардың мақсаты жұмыс өтілі үш жылға дейінгі судьялардың кәсіби тұрғыдан өсулеріне қолдау көрсету, заң саласындағы білімдерін шыңдауға мүмкіндік жасау. Кеңес үнемі қызмет етеді және сот корпусына Елбасының «100 нақты қадам – барлығына арналған жаңа қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспары шеңберінде қойылған мақсаттарды орындау үшін келешекте сот білімін шыңдауға бағытталған балама жиындарды өткізуде жоспарлауда.

Сайыстың қортындысы бойынша бас жүлдені Павлодар қалалық сотының судьялары жеңіп алды, алқа билердің шешімі бойынша сөз шешендігі сайысында аталған соттың судьясы Н.Әбдікәрімов ерекшк көзге түсті. 

2015 жылғы 28 тамызда сайыс жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталады.  

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі