Отбасы сақталып, кәмелетке толмаған балалардың құқығы қорғалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл аудандық сотына талап қоюшы З.Г.В., З.Ж.А.-мен некені бұзу және кәмелетке толмаған балалардың тұратын жерін анықтау туралы арызымен жүгінген. Жамбыл аудандық соты талап қоюшы З.Г.В.-ның жауапкер З.Ж.А.-мен тіркелген некесін бұзып, талап қоюшы З.Г.В.-мен кәмелетке толмаған үш баланың тұрғылықты мекен-жайын анықтап, талап-тілегін қанағаттандырған.

Бірінші сатылы соттың шешімімен келіспеген жауапкер З.Ж.А. Жамбыл облыстық сотына жүгінген.

Істі қарау барысында апелляциялық сатыда тараптар дауды сот медиациясы тәртібімен реттеу туралы тілек білдірген.

Татуластыру рәсімін жүргізу қорытындысы бойынша тараптар медиациялық келісімді бекітті. Нәтижесінде арыз беруші З.Г.В. жауапкер З.Ж.А.ға қойған некені бұзу және кәмелетке толмаған балалардың тұратын жерін анықтау туралы талаптарынан бас тартады.

Жамбыл облысының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы тараптар арасында медиациялық келісімнің бекітілуіне байланысты бірінші сатылы соттың шешімін өзгертіп,істің өндірісін тоқтатты.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Источник: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі