Оралда тергеу судьяларының қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотында тергеу судьяларының, прокуратура, ішкі істер департаменті мен басқармасы және БҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі өкілдерінің қатысуымен «Тергеу судьяларының олардың өкілеттіктері бойынша барлық бағыттағы жұмыстары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Кездесу барысында судьялар тергеу судьяларының тергеушілердің өтінішхаттары мен прокурорлардың ұсыныстарын қабылдау тәртібін және қарауын, үйқамақты санкциялау тәртібін, бұрын таңдалған бұлтартпау шарасы тәртібін қолданудың негізділігін қарау тәртібін, мүлікке тыйым салу тәртібі мен негіздерін, алу, қарау, тінту, жеке тінтуді санкциялау тәртібі мен мерзімін, куәгердің, жәбірленушінің айғақтарын депонирлеу тәртібін, қамауда ұстау мерзімін есептеу тәртібін, прокурордың іс жүргізу шығындарын өндіріп алу туралы ұсыныстарын қарауы, сондай-ақ, тергеу судьясының қаулыларына шағымдану мерзімі мен тәртібін талқылады.

Облыстық соттың судьясы Г.Миниус, облыстағы тергеу судьяларының 2016 жылдың 2-тоқсанындағы жұмысына талдау жасап, тергеу судьяларының өкілеттіліктерін орындау сапасы туралы айтты.

Дөңгелек үстел соңында туындаған мәселелер мен оларды шешу тәсілдері талқыланып, қорытындысы бойынша судьялар тиісті ұсынымдар шығарды.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз ықзметі