Облыстық соттарда сот кабинеті сервисі семинары өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Облыстық соттарда «Сот кабинеті» сервисін енгізу. Электронды үкімет порталы арқылы сотқа арыз беру» тақырыбында семинарлар өтті.

Семинар жұмысына облыстық сот төрағалары, облыстық жене оларға теңестірілген соттардың кеңсе басшылары мен қызметкерлері, оқу бағдарламаларын үйлестірушілер, заңгерлер сонымен қатар прокуратура, адвокатура, әкімдік, салық департаментінің және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Үйымдастырушылар бүгінгі таңда еліміздің сот жүйесінде «Сот кабинеті» электронды сервисі сәтті іске асырылып жатқанын атап өтті.

«Сот кабинеті» - бұл сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтерін қолдануға мүмкіндік беретін біртұтас терезе, ол арқылы азаматтар, олардың өкілдері немесе адвокаттары ғаламтордың көмегімен өтініштері мен арыздарын электронды түрде жібере алады. Сонымен бірге, мелекеттік бажды онлайн режимінде төлеу, сот құжаттарын қарау, істің тарихымен танысу мүмкіндіктері де қарастырылған. Жаңадан енгізілген аталмыш қызмет түрлері мүдделі тұлғаларға істің қаралу мерзімдерін бақылап отыруға пайдасын тигізеді.

Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану сот қызметінің қолжетімділігі, ашықтығы мен тиімділігі тәсілдерінің бірі болып табылады.

Сондай-ақ, ақпараттық сервистерді қолдану сот кеңсесі қызметкерлерінің ғана емес, сотқа жүгінетін адамдардың да уақытын үнемдейді. Азаматтар үйлерінен шықпай-ақ сотқа жүгініп, Жоғарғы Соттың ресми сайты арқылы өз құжаттарын бере алады.

Іс-шараны өткізу барысында тұсаукесері өтті. Қатысушыларға «Сот кабинеті» ақпараттық электронды сервис арқылы сотқа құжаттарды электронды түрде  беру тәртібімен көрнекі түрде таныстырылды, сонымен қатар e-gov электронды порталы арқылы электронды-цифрлық қолтаңбаны алу және арыз беру тәртібі де түсіндірілді.

Кездесу соңында іс-шараға қатысушылар, соның ішінде адвокаттар алқасының өкілдері мен заңгерлер жаңа ақпараттық онлайн қызмет түрлері қолданысқа кеңінен енетініне сенім білдірді. Облыстық соттың жауаптты қызметкерлері барлық ведомстволар мен органдарды «Сот кабинеті» электрондық сервисімен  таныстыру мақсатында аймақтың аудандарда көшпелі семинарлар өткізуде.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі