Маңғыстау облыстық сотында сот актілері негізінде сараптамалық зерттеу барысында туындайтын мәселелер талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық сотында «Маңғыстау облысы соттарының сот актілері негізінде сараптамалық зерттеу барысында туындайтын мәселелер» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға облыстық сот судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, Маңғыстау филиалының сот-медициналық сарапшысы, директоры Марат Жонысов және нарколог, психолог, сот-медициналық сарапшы мамандар қатысты.

«Дөңгелек үстел» барысында сот-психиатриялық, сот-наркологиялық, сот-медициналық сараптама жүргізу мәселелері назарға алынып, сот актілерін орындау, сот сараптамасын тағайындау кезінде туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.

М.Жонысов сот тәжірибесінде белгілі бір іс бойынша сот сараптамасын тағайындау мәселесі істі мәні бойынша қарау үшін дайындық барысында немесе істі алғашқы қарау барысында шешілу қажеттігін атап өтті. Алайда, сот сараптамаларын істің қарау мерзімінің аяқталу кезінде тағайындалуы, осының нәтижесінде істің жалпы қарау мерзімі ұзаратындығы, сот ұйғарым шығарған кезде толық мекенжайдың көрсетілмеуі туралы түсіндіріп өтті.

Судья С.Өмірболатова сот медицинасы институты өкілдерінің назарын олардың дайындайтын сараптама қорытындыларына орындалған жұмыстардың құнын қосу – қылмыстық істі жүргізіп отырған сот, іс жүргізу шығындары ретінде, осы соманы кінәлі жаққа төлету қажеттілігіне аударған.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 55-бабына сәйкес, қылмыстық іс бойынша қорғаушы ретінде қатысқан заңгердің дәлелді өтінішінен прокуратура органы негізсіз бас тартса немесе үш күннің ішінде шешім қабылдамаса, мұндай өтініш бойынша тергеу судьясы сараптама жүргізуді қарастырады.

«Дөңгелек үстел» қатысушылары өзара пікір алмасып, аталмыш тақырыпты жан-жақты талқылап, алдағы уақытта тығыз қарым-қатынас орнату мәселелерін ортаға салды.

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі