Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде БАӘ Федеральдік Жоғарғы Соты Төрағасының кітабының тұсаукесері болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде  БАӘ Федеральдік Жоғарғы Сотының Төрағасы Абдул Уахаб Абдулдың «Ежелгі Әмірліктердің сот төрелігінің тарихы» атты кітабының тұсаукесері болды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, сондай-ақ профессор-оқытушы құрам мен студенттер қатысты.

Құрметті қонаққа университетте орналасқан Күлтегін ескерткіші, т.б. мұражай экспонаттары таныстырылды.

Тұсаукесердің алдында алғаш болып сөз алған ЕҰУ-нің ректоры Е. Сыдықов Абдул Уахаб Абдулдың кітабы туралы айтып өтіп, оның ғылыми және практикалық тұрғыдан құнды еңбек екеніне тоқталды.

Одан кейін Қ. Мәми сөз сөйлеп, аталған еңбекті қызығушылықпен оқып шыққанын айтты. «Бұл еңбек замандастарымыздың ғана емес, сондай-ақ келешек ұрпақтардың да қызығушылығын тудыратынына сенемін. Өйткені, әрбір елдің сот төрелігінің сан ғасырлық тарихы бар. Азия мен Африка халықтарының айтарлықтай бөлігінің ғасырлар бойғы дәстүрлі заңдық және адамгершілік нормаларының жиынтығы исламмен тығыз байланыста болды, оның құқықтары ескеріліп отырды. Автордың атап өткеніндей, Әмірліктердің сот төрелігінің қағидалары қазақтардың қалыпты құқығы мен қазақ билерінің сот әділдігіне тән екенін байқауға болады», - деп атап өтті Қазақстанның Жоғарғы Сот Төрағасы.

Өз кітабын таныстыру кезінде Абдул Уахаб Абдул мырза Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ежелден бергі сот ісін жүргізудің қалыптасуы туралы айтып өтті. Ол заңнамалық және әлеуметтік жүйелердің болғандығын дәлелдейтін археологиялық олжалар, ежелдегі сот төрелігінің түрлері, соның ішінде отбасылық, рулық және ғибадатхана құқығы, дәстүрлі араб құқығы жайлы әңгімеледі.

Абдул Уахаб Абдул Александрия университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бакалавриатын, Мұхаммад V атындағы (Рабат қаласы, Марокко) университеттің магистратурасы мен доктарантурасын бітірген. 1978 жылы заң факультетінде оқуын аяқтаған соң, сот төрелігі саласында жұмыс істеген. БАӘ азаматтарының арасында алғашқы судья атанды. Жоғарғы сот кеңесінің мүшесі және оның алғагшы төрағасы болды. Сот ісін жүргізу және құқық проблемалары бойынша бірнеше еңбектің, зерттеулердің және мақалалардың авторы.

Іс-шара соңында мәртебелі қонаққа Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Құрметті профессоры атағы берілді. 

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі