Кәсіпкер қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін бас бостандығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылғы 4 тамызда  Батыс Қазақстан облысының Зеленов аудандық №2 сотында Қылмыстық Кодексінің 325б. 1б., 325б. 3б., 228б., 278 бабымен  өкілеттігін теріс пайдаланып, жалған құжаттар дайындап, экологиялық талаптарды бұзды деп айыпталған Нәсіпқали Машановқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланды

Алдын ала тергеу органдарымен анықталғандай, Н.С.Машанов  мұнай кен орындарындағы бұрғылау қалдықтарын тасымалдаумен және жоюмен айналысатын «Батыс-Табиғат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметін атқара жүріп, 2011-2012 жылдары аралығында, кәсіпорынның қалдықтарды жоюға арналған полигонының болмауына қарамастан,  жалған құжаттар (экологиялық, рұқсатнамалық) ұсынып, өндіріс қалдықтарын шығаруға және орналастыруға арналған Федоров блогындағы тендерлік конкурсқа қатысуға өтінішін тапсырған.

2012 жылдың соңында келісім-шарт жасаспай-ақ, жүк көлігінің жүргізушілерін жалдап, Кирсанов ауылынан 4-6 шақырым жердегі Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының ауыл шаруашылығына арналған жерлеріне бұрғылау қалдықтарын шығарып, төккен. Рұқсатсыз төгілген қалдықтардың салдарынан қоршаған ортаға келтірілген зиян 119 343 680 теңгені құраған.

Зеленов аудандық №2 сотының үкімімен Н.Машанов ҚР ҚК-нің 228 бабы, 278б. 2 бөлігімен өкілеттігін теріс пайдаланып, экологиялық талаптарды бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚР ҚК-нің 325б. 1б. айыпталу эпизоды бойынша кінәсінің дәлелденбегеніне байланысты ақталды, ҚР ҚК-нің 325б. 3б. айыпталу эпизоды бойынша ҚР ҚК-нің 69 бабына сай мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Сот сотталушыдан мемлекет пайдасына 119 343 680 теңге көлемінде шығын өндіру туралы үкім етті. 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі