ҚР ЖС қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Ә.Қуанышқа қатысты үкімді өзгертті.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот үкімімен Қуаныш ҚК-нің 345-1-бабының 4-бөлігі (Абайсызда екі адамның өліміне әкеп соққан көлікті мас күйінде басқарған адамның жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша кінәлі деп танылған. Оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігінің 1) тармағына сәйкес, ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін жазаны жеңілдететін және ҚК-нің бабында көрсетілгендей,
ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жазаның мерзімі санкцияда көзделген ең жоғары мерзімнің жартысынан аспауы керек.

Бірінші сатыдағы сот қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар: мас күйінде қылмыс жасау және оның салдарынан болған зардаптар – екі адамның өлімі деп танып, бұл заң нормасын қолданбаған.

Алайда, қылмыстық заң (ҚК-нің 54-бабы) ҚК-нің бабының диспозициясында көрсетілген қылмыс белгілерін жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар деп тануға тыйым салады.

Жоғарыда аталған мән-жайлар ҚК-нің 345-1-бабының 4-бөлігінде қылмыс белгілері ретінде қарастырылған, тиісінше олар қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын ретінде қайта есепке алынбайды.

Осыған байланысты сот алқасы Қуанышқа тағайындалған жазаны 5 жылға дейін қысқартты.