ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ республика соттарының сот отырыстарын тікелей эфирде өткізу практикасын жалғастыруда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында (ҚМАС) бұзақылық жасап, көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету ережелерін бұзып, абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтырғаны үшін айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтеді (ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі, 351-бабының 3-бөлігі).

Сот отырысына қоғамның қызығушылығын ескеріп, сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Сот отырысы Алматы қалалық ҚМАС-та бүгін, 2024 жылдың 24 сәуірінде сағат 15.00-де өтеді.
Сот процесінің онлайн-трансляциясы Жоғарғы Соттың YouTube-арнасында көрсетіледі (трансляция сілтемесі қосымша беріледі).
ҚР Жоғарғы Сотының Telegram арнасына жазылыңыз https://t.me/Jogargy_sot және ЖС-ның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарындағы хабарламаларды қарап отырыңыз.