Е.Рахымбеков - Маңғыстау облыстық сотының жаңа төрағасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Асламбек Мерғалиев Маңғыстау облыстық сотының ұжымына жаңадан тағайындалған төраға Ербол Рахымбековты таныстырды.

Іс-шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, облыстың мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.

Жоғарғы Сот Төрағасы Ербол Мұқажанұлын жоғары білікті судья, жауапты, әділ, адал адам ретінде сипаттай келе, оның өңірде сапалы сот төрелігін қамтамасыз ету үшін бар білімі мен тәжірибесін жұмсайтынына сенім білдірді.

Одан кейін облыстық соттың алқа төрағалары Бауыржан Елемесов, Ғабит Бастаубаев және Исатай Сматов облыстық соттың 2024 жылдың бірінші тоқсанында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары туралы баяндама жасады.

Өз сөзінде А.Мерғалиев реформаларды жүзеге асыру адам құқықтарын қорғау жүйесін және соттардың тәуелсіздігін нығайтуға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Спикер апелляцияның рөлін күшейту, отбасылық және алқабилер сотының соттылығы аясын кеңейту, азаматтық сот ісін жүргізу міндеттеріне заңдылықпен қатар әділеттілік қағидатын енгізу, талап қоюларды беру кезінде мемлекеттік бажды төлеуді кейінге қалдыру туралы баяндад

Сондай-ақ Президенттің тапсырмасы бойынша судьялардың жауапкершілігін арттыру мақсатында тәртіптік іс қозғау тетігін әзірлеу, кассациялық қадағалауды жетілдіру, әкімшілік әділет аясын кеңейту, «үкіметтік арбитражды» енгізу және цифрландыруды дамыту мәселелері туралы жан-жақты айтылды.

Жоғарғы Сот Төрағасы қатысушылар назарын тағы да қоғамның әділ сотқа, құқықтар мен заңды мүдделерді сот арқылы тиісті түрде қорғауға деген үмітін ақтаудың маңыздылығына, Мемлекет басшысы алға қойған құқық үстемдігін және сот төрелігін сапалы қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру қажеттігіне аударды.

Соңында марапаттау рәсімі өтті: ұзақ жылғы мінсіз қызметі және сот жүйесінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін отставкадағы судьялар Аралбай Нағашыбаев Жоғарғы Соттың «Сот жүйесінің ардагері» медалімен және Шаншарбек Есбағанбетов «Мінсіз қызметі үшін” медалімен марапатталды.

Анықтама үшін:

Ербол Рахымбеков 1964 жылы Қарағанды ​​облысында дүниеге келген.

1989 жылы Қарағанды ​​мемлекеттік университетін “құқықтанушы” мамандығы бойынша бітірген.

1989-1991 жж – нотариус, заңгер;
1991-1996 жж – Солтүстік Қазақстан облысы Булаев аудандық сотының судьясы, Қарағанды ​​облысы Нұра аудандық сотының судьясы;

1996-2000 жж – Қарағанды ​​облысы Нұра аудандық сотының төрағасы;

2000-2001 – Қарағанды ​​қаласы Киров сот учаскесінің судьясы, Қарағанды ​​қаласының №3 Октябрь аудандық сотының судьясы;

2001-2010 – N3 Октябрь аудандық сотының төрағасы, Теміртау қалалық сотының төрағасы, Қарағанды ​​қаласы Қазыбек би аудандық сотының төрағасы;

2010-2015 жж – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;

2016-2018 жж – Жоғарғы Соттың судьясы;

2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Шымкент қалалық сотының төрағасы.