Батыс Қазақстан облысында экс-шенеуніктерге қатысты үкім шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Мүслім Оңдағанов пен жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Меңдіхан Жәкеновке қатысты қылмыстық істің үкімі жария болды.

Алдын ала терегу органдары М.Оңдағанов пен М.Жәкеновті ұйымдасқан қылмыстық топ құрған және өңірде спортты дамытуға бөлінген бюджет қаржысын ұрлаған деп айыптаған.

Сот М.Ондағановты Қылмыстық Кодекстің 235 б. 3 б. (ұйымдасқан қылмыстық топ құру), 176 б. 3 б. «а,б,г» т (сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету), 314 б. 2 бөлігімен (қызметтік жалғандық жасау) бойынша  қылмыс жасады деп танып, оған мүлкін тәркілеумен 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап,  мемлекеттік мекемелерде бес жыл еңбек ету құқығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге соттады.

Сот М.Жәнкеновті Қылмыстық Кодекстің 235 б. 3 бөлігімен әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты кінәсіз деп таныды.

М.Жәкенов Қылмыстық Кодекстің 176 б. 3 бөлігімен сеніп тапсырылған мүлікті ысырап еткені үшін кінәлі деп танылып, оған мүлкі тәркіленумен 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып,  мемлекеттік мекемелерде бес жыл еңбек ету құқығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге үкім етті.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі