Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы бірқатар аудан активімен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов  жұмыс сапарымен Қазталов, Жаңақала, Бөкейордасы, Жәнібек аудандарына барды.

Сапар барысында Б.Әметов азаматтарды қабылдап, әкімдердің қатысуымен аудандар активімен кездесті. Облыстық сот төрағасы сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформаның барысы, облыс соттарының 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының негізгі нормалары туралы баяндады. 

Медиация ауылдық жерлерде кең қолданылған жағдайда даулы мәселелер сотқа жетпей-ақ шешімін табатындығы атап өтілді. Осыған байланысты, облыстық соттың төрағасы аудандарда медиаторлар санын көбейту қажеттігі туралы ұсыныс білдірді.

Облыстық сот төрағасы әкімшілік құқық бұзушылық фактілерінің артуына байланысты аудандарда қоғамдық тәртіптің сақталу жағдайын жақсарту мәселелерін талқылады.

Аудандық соттардың ұжымдарымен кездесу барысында Б. Әметов судьялар әдебі нормасының талаптарын, сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамасын және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау қажеттігіне тоқталды.

 Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде Қазталов аудандық әкімдігінің қолдауымен аталған ауданның жаңадан тағайындалған судьясы Әсел Жамантаеваға  пәтер кілті табысталды.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі