Атырауда ювенальдық сот дауларды медиация тәртібімен сотка дейінгі реттеу бойынша пилоттық жобаны іске асыруда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қатысушылары Жоғарғы Соттың даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасын жүзеге асыру мәселелерін талқылаған «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысына судьялар, кәсіби медиаторлар, білім бөлімінің, құқық қорғау органдарының, ҮЕҰ өкілдері және адвокаттар қатысты.

Сот төрағасы Б.Жұмабаев «дөңгелек үстел» жұмысын ашып, аталған жобаның алдымен ювенальдық соттың соттылығына жататын дауларды сотқа дейінгі реттеуге бағытталғанын, атап айтқанда, баланың тұрғылықты жерін анықтау, ата-анасының баласымен араласу тәртібін анықтау, оны өзге тұлғалардан алу туралы даулар санатындағы азаматтық істерге кеңінен қолданылатынын атап өтті.

Судья Ғ.Отарұлының айтуынша, ювенальдық сотпен пилоттық жобаны қолдану арқылы төрт азаматтық істер қаралған. Ол пилоттық жобаның жүзеге асуына септіктерін тигізген медиаторлар М.Мұхтарованың, Н.Кожахметованың, Р.Калиеваның және Г.Марданованың үлестерін атап өтті.

Барлық қатысушылар шараны бағалай келе, семинардың тәжірибелік маңыздылығын атап көрсетті.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі