Астанада облыстық соттардың баспасөз хатшыларына арналған семинар өз жұмысын бастады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астанада «Сот жүйесі мен масс-медиа: тиімді пікір алмасу және сындарлы ынтымақтастық» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг өз жұмысын бастады. Іс-шараға республиканың барлық өңірлерінен облыстық соттардың баспасөз хатшылары қатысты. Сонымен қатар, семинар жұмысына Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жазбек Әбдиев пен Ф.Эберт атындағы қор өкілдігінің басшысы Зәуреш Шутова қатысты.

Семинарды Жоғарғы Сот Ф.Эберт атындағы Қормен бірлесе отырып ұйымдастырды. Мақсаты – сот ақпаратына қолжетімділік бойынша жұмысты белсендіру, соттардың баспасөз хатшыларын масс-медиа жұмысының, соның ішінде, әлеуметтік желі мен Интернеттегі жаңа бағытына үйрету.

Семинарды аша келе, Департамент басшысының орынбасары Ж.Әбдиев сот шешімдеріне қоғам тарапынан сенімді қалыптастырудың басты кепілінің бірден бірі жүйелі ақпараттық жариялау болып табылады. Оның айтуы бойынша, оң пиар жұмыстың кілті – журналистермен және редакциялармен сындарлы өзара іс-қимыл орнату, баспасөз хатшыларының барынша ашықтығы мен қолжетімділігі, олардың кәсібилігі, соның ішінде журналистика мен сот-құқықтық саладағы терең білімділігі. «Барлық білімдеріңді, тәжірибелеріңді және күш-қуаттарыңды сотқа құжаттың түскенінен бастап, шешім шығарғанға дейін сот шешімін қабылдау процесін азаматтарға барынша ұғынықты түсіндіруге жұмсауларың қажет», - деді Ж.Әбдиев.

Семинар барысында соттардың баспасөз хатшылары сот жүйесіндегі жүргізіліп жатқан барлық өзгерістер сот төрелігіне қол жеткізу мен жеңілдетуге бағытталғандығын БАҚ және әлеуметтік желі арқылы жеткізу хабарлау керектігі айтылды.

Соттар мен БАҚ-тың өзара әрекеті республика соттарының қызметіндегі басым бағыты туралы Жоғарғы Соттың баспасөз қызметінің басшысы Болат Кальянбеков сөз сөйледі.

Екі сессиядан құралған семинарда кәсіби журналистер мен PR-технология саласындағы мамандар жұрт алдында ойдағыдай сөз сөйлеуге дайындалу мен технологиясы мәселелері бойынша шеберлік сабақтарын өткізді. Сот ақпаратына қолжетімділік, журналистиканың заманауи жанрлары мен әлеуметтік коммуникация мәселелері қозғалды.

Сот пен БАҚ арасында сындарлы диалог құрудың түрлі қырлары бойынша қызу және интерактивті пікір алмасу болды.

Семинардың соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Источник: 
Пресс-служба Верховного Суда