Алматыда судьялар террористік және өзге де трансұлттық сипаттағы істерді қылмыстық қуадалау және сотта қарау мәселелерін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Алматы қаласында «Интернет желісін террористік және өзге де трансұлттық сипаттағы қылмыстарды жасау мақсатында пайдаланумен байланысты істерді қылмыстық қудалау және сотта қарау практикасы» тақырыбында үш күндік аймақаралық оқыту семинары өз жұмысын бастады. Іс-шара Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ елдерінің судьялары мен судьяларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталықтарының оқытушыларына арнап өткізілді.

Семинарды БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс бойынша басқармасы (БҰҰ ЕҚБ) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен бірлесіп, БҰҰ ЕҚБ-ның «Ауыр және трансұлттық сипаттағы қылмыстардың алдын алу және олармен күрес мақсатында мемлекеттердің әлеуетін нығайту» атты ғаламдық бағдарламасының шеңберінде ұйымдастырды.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин, БҰҰ-ның  Есірткі және қылмыс бойынша басқармасының аға заң кеңесшісі Ольга Зудова, Адам құқықтары жөніндегі Еуропа сотының заңгері Дмитрий Третьяков, Нидерланды Ұлттық прокуратурасының прокуроры Андрианус ван Вегхел қатысты. Бұған қоса, семинарға Ресей Жоғарғы соты құрамының төрағасы, Қазақстанның, Израильдің, Арменияның, Әзербайжанның, Грузияның, Қырғызстанның, Өзбекстан мен Түркіменстанның Жоғарғы Соттарының судьялары, сондай-ақ бірқатар халықаралық сарапшылар қатысты.

Өзінің кіріспе сөзінде Абай Рахметулин Интернетпен байланысты трансұлттық қылмыстардың ерекшелігі мен оларға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттердің бірлескен жұмысы туралы айтты. Сонымен қатар ол Интернетті қолдана отырып жасалатын террористік қылмыстар бойынша қазақстандық заңнама мен сот практикасының ерекшеліктері туралы ақпарат берді. Бұған қоса, қатысушылар үшін Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберіндегі Қазақстанның сот жүйесіндегі соңғы өзгерістер таныстырылып, соттардағы өзгерістер туралы деректі фильм мен электронды сот төрелігінің жұмысы туралы бейнеролик көрсетілді.

БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс бойынша басқармасының өкілі Ольга Зудова террористік мақсатта Интернетті қолдануға қарсы іс-қимыл бойынша негізгі құқықтық құралдарды таныстырып, БҰҰ-ның жарияланымдарына шолу жасады. Бұған қоса, ол отандық заңнамадағы кейбір олқылықтар мен құқық қолдану саласындағы мәселелер туралы өз пікірімен бөлісті.

Семинарға қатысушылар жеті сессия шеңберінде Интернет желісін террористік және өзге де трансұлттық сипаттағы қылмыстарды жасау мақсатында пайдаланумен байланысты әрекеттерді криминализациялау, Интернетті қолданумен байланысты дәлеледемелерді алу және бекіту, криминалистік сараптама, шет мемлекеттерден электронды дәлелдемелерді алу, аталған санаттағы істерді сотта қарау саласындағы оқу, біліктілік арттыру курстарын өткізу бойынша тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Семинар соңында мүше елдердің озық тәжірибесін ескере отырып, тиісті ұсынымдар әзірлеу жоспарлануда. 

Источник: 
Пресс-служба Верховного Суда