Алматы қаласының соттары сенбілік өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қалалық соты төрағасы А. Ештайдың бастамасымен қаланың барлық 17 аудандық сотының судьялары мен қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік өтті.  

- Аталған іс-шараның мақсаты – қала аумағын көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазарту. Бұл іске қосқан үлесімізді біз үлкен міндет әрі жауапкершілік ретінде қабылдаймыз, - деді Алматы қаласы соттары әкімшісінің басшысы Д.Қырықбаев.

Көріктендіру мен көгалдандыру, сот аумақтары мен қала көшелерін қоқыстардан тазалау және жас көшеттерге, газондар мен гүлзарларға күтім жасау, қоқысты жинау мен шығару бойынша жұмыстар арнайы техникалар, жүк автокөлігі мен жүк артқыш машиналардың көмегімен іске асырылды.

Алатау аудандық сотының мамандары бекітілген аумақта ағаштар мен сәндік шыршалардың көшеттерін отырғызды.

Осы орайда Алматы қаласы соттарының қатысуымен өтетін сенбіліктер ізгі дәстүрге айналғанын атап өткен жөн.

 

Источник: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі