Сс, 19/09/2017 - 11:14
Ақтөбе қаласының 3 сотында – кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында, Ақтөбе қалалық сотында және Ақтөбе қаласының № 2 сотында азаматтарға электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) беру пилоттық жобасы шеңберінде Электронды үкімет орталығы мен «Сот кабинеті» сервисі «бұрышы» қызмет атқаруда.
Енді азаматтар осы сот ғимаратында ЭЦҚ-ны, сондай-ақ, автоматтандырылған электронды анықтамаларды алу мүмкіндігіне ие болды. Азаматтар мен олардың өкілдері ЭЦҚ-ны алған соң сол соттарда «Сот кабинетіне» тіркеліп, электронды құжаттарды жолдай алады.
Өткен екі аптада осы «бұрыш» арқылы 100-ден астам азаматтарға ЭЦҚ берілді, сәйкесінше сонша талап қою арыздары «Сот кабинеті» сервисі арқылы жолданды.
«Бұрыштардың» қызметтерін пайдаланған халық олардың жұмыстары туралы жағымды пікірлер білдірді.