Ақмола облыстық сотының төрағасы жергілікті соттардың судьяларымен бейнесеминар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьяларымен бейнебайланыс арқылы семинар өткізді.

Семинарға «Қазақстанның пилот сотын талдау» миссиясының сарапшылары Францияның апелляциялық сотының экс-президенті Эрве Экспер мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының отставкадағы судьясы Ақмолдаева Елена қатысты.

Н.Әбдіқанов ағымдағы аралықта сот төрелігін атқарудағы соттардың жұмыс сапасы жөнінде баяндады, сондай-ақ сарапшыларға аудандық соттармен қашықтықтан байланыстың түрін көрсетіп, шалғай орналасқан аудандардың судьяларымен онлайн режимінде диалог өткізу мүмкіндігін көрсетті.

«Соттар өз міндеттерін уақытылы және толық орындалуы сот төрелігін атқару сапасының негізгі көрсеткіші болып табылады, сондықтан да тұрақты бақылауда болады» - деді Н.Әбдіқанов. Сондай-ақ, ол соттардың сот төрелігін атқару сапасы қылмыстық істер бойынша 0,9 %-ға, азаматтық істер бойынша 1,1 %-ға және әкімшілік істер бойынша 0,3 %-ға жақсарғандығын атап өтті.

Семинарға қатысқан сарапшылар Эрве мырза мен Е.Ақмолдаева «Ұлықтылық құқық Еуропа Одағы-Орталық Азия тұғырнамасымен» өзара әрекеттестік шеңберінде өткізіліп жатқан жұмыс жөнінде әңгімелеп берді.

Эрве мырза, олардың миссиясы-Франция соттарының жұмысын жақсартуға септігін тигізетін ең үздік тәжірибелерді анықтап, тәжірибемен алмасу деп атап өтті. Сонымен қатар, өткізілген зерттеу индикаторларының көрсеткіштері көрсеткендей Қазақстан соттарының беделі артқанын айтып өтті. «Бүгін біз Целиноград аудандық сотында азаматтық істерді қарау мерзімін зерттеудеміз. Сондай-ақ судьяларды дамыту мен жетілдіру сұрақтарын, яғни білім алу мәселесін зерттейміз» - деді француз сарапшысы.

Облыстық сот төрағасы іс-шараны қорытындылай келе сот төрелігін атқарудың сапасын жақсартуға, өз білімдерін үздіксіз жетілдіруге, сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтармен судья этикасы нормаларының бұзылуына жол бермеуге судьялардың назарын аудартты. 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі