Ақмола облыстық соты ҚР Конституциясының алғашқы Тамыз оқуларын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Ақмола облыстық соты «Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттілік және қолданыстағы заңнама дамуының негізі» деген тақырыпта Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған алғашқы облыстық Тамыз оқуларын өткізді.

Бұл іс-шараны Ақмола облыстық соты Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми әмбебап кітапханасымен бірге ұйымдастырды.

Іс-шараға Ақмола облысының сот қауымдастығы, облыстық прокуратура, құқық қорғау мекемелері, Әділет департаменті, адвокаттар алқасы, облыстық әкімдіктің, жоғары оқу орындарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Тамыз оқулары Конституция күні қарсаңында ерікті пікір алмасу шеңберінде өтті.

Іс-шара барысында заңнамалардың конституциялық негізін іске асыру тәжрибесі туралы ауқымды пікіралмасу орын алды. Конституциялық құндылықтарды дамыту, заманауи ақпараттық технологияларды ғылыми-тәжірибелі және басқа да ресурстарды жүйелі түрде жұмылдырып заң қабылдаушылар және заң орындаушылардың, мемлекеттік және қазақстандық азаматтық қоғамдық институттардың күш біріктіруін талап ететіні осы іс-шарада айтылды.

Адамның құқығы мен бостандығына, адамның мәртебесін қадірлеуде, жоғары азаматтықты тәрбиелеуде, конституциялық өзгерістердің адами құндылықтың ұлғаюы туралы пікірлерге назар аударылды.

Алғашқы Тамыз оқуларына қатысушылар осы іс-шараны жылда өткізу туралы ұсынысты қолдады.

Пікір алмасу нәтижесінде ұсыныстар қабылданды.

Іс-шара соңында ұйымдастырылған кітаптар көрмесіне шолу жасалды.

 

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі