Жоғарғы Сот судьялар Т. Қожан мен Б. Мақұлбековті құрметті отставкаға шығарып салды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың Төрағасы Жақып Асанов Жоғары Сот органының судьялары Төлебай Қожан мен Бағлан Мақұлбековтің құрметті отставкаға шығуына арналған салтанатты іс-шараны өткізді.

Т. Қожан мен Б. Мақұлбеков сот және құқық қорғау жүйесінде 30 жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Олар кәсіби ортада мінсіз абыройға және жоғары беделге ие болды, көптеген лайықты шәкірттерін дайындады. Сот төрелігін жүзеге асыруға ұзақ жылдар бойы адал қызмет еткені үшін  екеуі де «Құрметті судья» құрметті белгісіне ие болып, мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.

Жоғарғы Соттың Төрағасы Төлебай Әжібекұлы мен Бағлан Демесінұлының кәсіби терең білімін, ерекше принциптілігі мен еңбексүйгіштігін атап көрсете отырып,  сот жүйесіне қосқан салмақты үлестері үшін алғыс білдіріп, зор денсаулық, мол бақыт және ұзақ ғұмыр тіледі.

Т. Қожан мен Б. Мақұлбековті Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдрашид Жүкенов, сондай-ақ судьялар Ғалымжан Мырзаке мен Бауыржан Жұмағұлов құттықтады.

Өз кезегінде Төлебай Әжібекұлы мен Бағлан Демесінұлы әріптестеріне жылы лебіздерін білдірді.

Сонымен қатар Ж. Асанов Парламент Сенаты жаңадан сайлаған Жоғарғы Соттың судьялары Сембек Баймахановты, Есенбай Боранбаевты, Ботагөз Ералиеваны, Вячеслав Салий мен Арыстанбек Стыбаевты таныстырды. Сайлау алдында олар қатаң іріктеуден өтті. Судья лауазымына таңдау кезінде 49 үміткер қатысты. Олардың 12-сі ғана Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның оң қорытындысына ие болды. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы 11 үміткер үшін дауыс берді, бірақ олардың ішінен 5-еуі ғана тағайындалды.

Жоғарғы Соттың Төрағасы жаңадан сайланған судьялардың әрқайсысын принципті, талапқойғыш, беделді, біліктілігі жоғары әрі судьялық өтілі мол адамдар ретінде сипаттай келіп, Мемлекет басшысы мен Парламент Сенаты оларға үлкен сенім артып отырғанын атап өтті.

Ж. Асанов олар сот төрелігін сапалы жүзеге асыру үшін барлық күш-жігерлерін жұмсайтындарына сенім білдірді.

 

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі
Теги: