Архив событий

31/12/2019

Құрметті оқырмандар!

31/12/2019

Міне, санаулы сағаттардан соң 2019 жыл да тарих қойнауына енеді. Осы жылы еліміздің саяси және экономикалық өмірінде жарқын жетістіктер орын алды. 

Елімізде тұрғындар үшін бірқатар жеңілдіктер қарастырылды: тұрмыстық қиын жағдайға ұшырағандардың қарыз жүктемесі азайтылды, «Бақытты отбасы» бағдарламасы шеңберінде мыңдаған аз қамтылған жанұя баспаналы болды, Сирия қақтығысы аймағынан қазақстандықтар көшірілді. Қоғамдық сенім жөніндегі Ұлттық кеңес құрылып, тиімді жұмыс істеуде. 

Шығыс Қазақстан облысында 17 сот фронт-кеңсесі ашылды

31/12/2019

Өскеменнің мамандандырылған әкімшілік сотында фронт-кеңсе ашылды. Ашылу рәсіміне Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков және әкімшілік соттың төрағасы Сайран Ибраев қатысты.

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты әкімшілік істердің ең көбін қарайды. Өткен кезеңде осындай істердің саны 12 мыңнан асты. Фронт-кеңсенің ашылуы дер кезінде іске асқан әрі қажетті шешім болды.