Архив событий

11/12/2019

Атырауда екі миллиардтық дау бітімгершілік келісіммен аяқталды

11/12/2019

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына кәсіпорын компаниядан 2 милрд теңгеден астам берешекті және шамамен 310 млн теңге айыппұл санкциясын өндіріп алу туралы талап қою арызымен жүгінген.

Тараптар арасында жасалған келісімге сәйкес, талапкер төлеуге, ал жауапкер өз кезегінде тапсырыс берушінің барлық персоналы мен оның барлық қосалқы мердігерлеріне тұрғын жаймен қамтамасыз етуге міндеттелген.

Дау жауапкердің шарт талаптарын орындамауына байланысты туындаған.

«Время» газетінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Е. Максютаның «Әскери адамдарға арналған тұрғын үй» тақырыбымен сұхбаты жарияланды

11/12/2019

Қазақстанда 2018 жылдың қаңтарынан бастап әскери қызметшілердің тұрғын үй проблемаларын шешудің жаңа алгоритмі жұмыс істеуде. Заңнамадағы өзгерістер әрбір кадрлық әскери адамның әскери қызмет аяқталғаннан кейін тұрғын үйдің меншікті иесі болуына бағытталған. Погон таққан адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа тетігі іске қосылғаннан бері екі жылға жуық уақыт өтсе де олардың мәселелері әлі де аз емес.

Жоғарғы Соттың судьясы Елена Максюта ең жиі кездесетін сұрақтарға жауап берді.