Архив событий

30/12/2019

Семейде Татуласу орталығы ашылды

30/12/2019

Салтанатты ашылу рәсіміне Шығыс Қазақстан облыстық сотының Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдуіғлиев, мәслихат хатшысы Ақжалов Бейсенбек, қалалық сот төрағалары, мәслихат депутаттары, психологтар мен кәсіби медиаторлар қатысты.

"Татуласу: сотқа дейін, сотта" жобасын іске асыру шеңберінде ашылған орталықта еңбек, неке-отбасы, азаматтық қатынастар саласындағы дауларды шешетін болады. Мұнда азаматтар заң көмегіне ғана емес, тәжірибелі психологтан кеңес ала алады.