Архив событий

07/12/2019

Жоғарғы Сотта адвокаттармен және заңгерлермен кездесу өтті

07/12/2019

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашид Жүкенов соттардың адвокаттардың заңмен берілген барлық әлеуетін іске асыруға бекемдігі туралы айтты. Жоғарғы Соттың жарыспалылық, қорғау мен айыптау тарапының теңдігі қағидатын бастамашылық жасап ілгерілетуге күш салатыны аталып өтілді. Сонымен қатар, бірқатар еуропалық елдердің тәжірибесі бойынша қылмыстық сот ісін жүргізуге қорғау актісі мен айыптау актісін қылмыстық іс материалдарынсыз сотқа жіберу практикасы  талқыланды.