сот төрелігі

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Жоғарғы Сот судьяларының қатысуымен брифинг өтті

21/08/2014

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов пен Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының судьясы Жаңылсын Архарованың қатысуымен брифинг өтті.

Спикерлер қылмыстық және азаматтық заңнама мен сот өндірісінің жаңа моделіне көшудің негізгі мәселелерін түсіндірді.

Алматы облысының соттары құқықтық көмек көрсетті

31/07/2014

2014 жылы 31 шілде күні Алматы облысының соттарында халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру, сот саласына деген халықтың сенімділігін арттыру мақсатында Алматы облысының барлық соттарында «Ашық есік күні» өткізілді. Өңір тұрғындарына өздерінің туындаған сұрақтарын қоюға мүмкіндік берілді.

Заң көмегін алуға сот істреі бойынша талапкерлер мен жауапкерлер, сондай-ақ қатардағы азаматтар жүгінді. Соттар облыс бойынша 300-ден астам адамды қабылды,тыңдады.

Солтүстік Қазақстан облысының судьялары 2014 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыстың қорытындысын шығарды

25/07/2014

Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сотында облыс соттарының 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелігін іске асыру қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңесі өтті. Кеңес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының судьясы Дәулен Дәулетұлы Нұралиннің қатысуымен өтті.

Қостанай облыстық сотында «Ашык есік күні» өтті

17/07/2014

Бүгін Қостанай облыстық сотында «Ашық есік күні» өтті, оның басты мақсаты азаматтармен сұрақ-жауап үлгісінде тілдесу.

Аталған шараға Қостанай облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Ұ.Қ.Қошанов және Қостанай облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Д.А.Шипп қатысты.

Беттер