ҚР Әскери соты

Әскери сот әкімшісінің басшысы Х.Бегалиев бірқатар гарнизондардың әскери соттарына сапармен барды

03/04/2019

Әскери сот әкімшісінің басшысы Х.Бегалиев Ақтау, Ақтөбе, Қостанай және Қарағанды гарнизондарының әскери соттарына барды.

Сапар барысында Х.Бегалиев әскери-құқық қорғау органдарының басшыларымен, сондай-ақ гарнизондарда шоғырланған әскери бөлімдер өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында спикер орындалған актілер, сот іс жүргізуінде қолданылатын ақпараттық технологиялар, оның ішінде «Виртуалдық сот» жобасы арқылы сот отырыстарын өткізу туралы айтып өтті.

Республиканың әскери соттары медиация саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарды жасасты

20/02/2019

Республиканың әскери соттары «Сотқа дейін және сотта татуласу» жобасы аясында ынтымақтастық туралы бірқатар жобаларды жасасты. Құжаттар қолайлы құқықтық ортаны қалыптастыруға, қоғамдағы жанжал деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді әрі дауларды сотқа дейін реттеу институтын, соттағы татуласу рәсімдерін дамыту мен енгізу бойынша өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.

Меморандумдарға мыналар қол қойды: 

Әскери соттың төрағасы С.Абдолла бейнебайланыс арқылы азаматтарды қабылдауды өткізді

13/03/2018

Әскери соттың төрағасы Сәкен Абдолла Ақтау гарнизонының әскери қызметшілерін қабылдады.

Онлайн форматтағы кездесуге 10-ға жуық әскери қызметшілер келді. Олардың ішінде әскери бөлімдердің заңгерлері және әскери құқық қорғау органдарының өкілдері болды. Оларды тұрғын үй және еңбек даулары бойынша істердің қаралу тәжірибесі, сот актілерінің орындалу тәртібі, сондай-ақ заңнамадағы өзгерістер туралы мәселелер қызықтырды. Келушілер өздерінің барлық сұрақтарына толыққанды жауап пен түсіндермелер алды.

Алматы қаласы мен Әскери соттар әкімшілерінің басшылары ЖОО-мен және мүгедектер бірлестіктерімен Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды

12/10/2017

Алматы қаласының соттар әкімшісінің басшысы Данияр Қырықбаев «Нархоз университеті» АҚ ректоры Кшиштоф Рыбинскимен тиімді әрі нәтижелі іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Аталған іс-шараға Алматы қаласындағы соттардың және аталған университеттің қызметкерілері қатысты.

Маңғыстау облыстық және Әскери соттардың төрағалары судьяларға екінші жартыжылдықта орындалуы тиіс нақты міндеттерді жүктеді

02/08/2017

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Жақсылық Аланов өңірдегі соттармен өткен бірінші жартыжылдықта сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы туралы кеңейтілген кеңес өткізді.