Республиканың әскери соттары медиация саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарды жасасты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Республиканың әскери соттары «Сотқа дейін және сотта татуласу» жобасы аясында ынтымақтастық туралы бірқатар жобаларды жасасты. Құжаттар қолайлы құқықтық ортаны қалыптастыруға, қоғамдағы жанжал деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді әрі дауларды сотқа дейін реттеу институтын, соттағы татуласу рәсімдерін дамыту мен енгізу бойынша өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.

Меморандумдарға мыналар қол қойды: 

- Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы Алмат Бабатов пен «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ президенті Азамат Жулаев;

- Қостанай гарнизонының әскери соты мен Кәсіподақ орталығының  төрағалары Бекболат Тажмұхан мен Екатерина Смышляева;

- Қарағанды гарнизонының әскери соты мен Кәсіподақ орталығының  төрағалары Айдар Исабеков пен Болат Жұмабеков;

- қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Мирас Сатыбалдин мен Медиацияны дамыту орталығының президенті Азамат Жулаев;

- Семей гарнизоны әскери сотының және Халықаралық құқық қорғау орталығы мен Семей қаласындағы Достық үйінің төрағалары Айдар Секенов пен Мақат Шапиев және Берік Көпбаев;

Талдықорған гарнизоны әскери сотының төрағасы, әскери полиция бөлімінің бастығы, медиатор және Алматы облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының басшысы Ринат Ақпар, Қайрат Жүніспеков, Шынар Бектасова мен Ғабит Тұрсынбай;

- Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы мен Халықаралық құқық қорғау орталығы Маңғыстау филиалының басшысы Марат Алдабергенов пен Мейіржан Туманов;

- Шымкент гарнизоны әскери сотының және Татуласу орталығының төрағалары Берік Кәрім мен Эльмира Есимбетова;

- Өскемен гарнизонының әскери соты мен «Шаңырақ» медиацияны дамыту орталығының төрағалары Асқарбек Жүнісбеков пен Елизавета Абдрахманова;

- Ақтөбе гарнизоны әскери сотының төрағасы Шынболат Қадыров пен Батыс Қазақстан облысы Халықаралық құқық қорғау орталығының басшысы Светлана Балпеисова;

- Алматы гарнизоны әскери сотының төрағасы Жанат Жайлаубай мен Халықаралық құқық қорғау орталығының басшысы Жанділда Жақыпов.

Источник: 
ҚР Әскери соттының баспасөз қызметі