Қайрат Мәми

Қайрат Мәми «Zakon.kz» порталында интернет-конференция өткізді

20/09/2016

Бүгін «Zakon.kz» порталында Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәмидің қатысуымен интернет-конференция өтті. Онлайн-режимде өткен конференцияда ол интернет-тұтынушылардан түскен 29 неғұрлым рейтингтік сұрақтарға жауап берді.

Бішкекте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы мен Қырғыз Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасының кездесуі өтті

03/09/2015

Бүгін Бішкек қаласында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми мен Қырғыз Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы  Феруза Джамашеваның екіжақты кездесуі болып өтті. Іс-шара Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің жоғарғы соттары төрағаларының оныншы кеңесін өткізу шеңберінде ұйымдастырылды.  

Қайрат Мәми Дубай халықаралық қаржы орталығының Бас судьясы Майкл Хванмен кездесті

28/08/2015

Бүгін Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Дубай халықаралық қаржы орталығының Бас судьясы Майкл Хванмен кездесті.

Іс-шара еліміздің Ата Заңының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Конституциялық Кеңес өткізіп отырған «Конституция: халық бірлігі, тұрақтылық, өркендеу» атты халықаралық-практикалық конференция шеңберінде ұйымдастырылды.

Әңгімелесу кезінде тараптар бұл кездесу екі елдің сот жүйесі арасындағы ынтымақтастықты жаңа сапалы деңгейге көтеруде маңызды екенін атап өтті.

Қайрат Мәми Үндістан Республикасының Бас прокуроры Мукул Рохатгимен кездесті

26/08/2015

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Үндістан Республикасының Бас прокуроры Мукул Рохатгимен кездесті.

Жоғарғы Сот Төрағасы аталған кездесу екі елдің құқық саласында табысты байланыстарды орнатуда маңызды екенін атап өтіп, Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынастардың өзара түсіністік пен сенімнің дәстүрлі ахуалында дамып келе жатқанына ерекше тоқталды.

«Заңгер» журналында Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмидің сұхбаты жарияланды

06/03/2015

Қазақстан Республикасының құқық жаршысы «Заңгер» журналында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәмидің «Сот әділдігінің мінсіз жүйесі – құқық үстемдігін қамтамасыз етудің негізі» тақырыбындағы сұхбаты жарияланды.

Жоғарғы Сот Төрағасы мен Шығыс Қазақстан облысының әкімі облыстық сот ғимаратының ашылу салтанатына қатысты

26/08/2014

Бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Шығыс Қазақстан облыстық сотының ғимаратын салтанатты түрде ашты.

Іс-шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та қатысты. 

Салтанатты рәсімді бастай отырып Қ. Мәми шараға қатысушыларды алдағы мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтады.  

Бүгін Қайрат Мәми журналистер қауымын төл мерекелерімен құттықтады

25/06/2014

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми БАҚ басшыларымен және қызметкерлерімен, сондай-ақ соттардың баспасөз қызметінің мамандарымен кездесті. Аталған іс-шара олардың кәсіби мерекесі – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылды.

Бүгін Қайрат Мәми ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар мәселелері бойынша Жоғарғы комиссарымен кездесті

25/06/2014

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар мәселелері бойынша Жоғарғы комиссары Астрид Турспен кездесті.

Кездесуде Қайрат Мәми Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен және оның институттарымен өзара қарым-қатынастың жоғары деңгейіне қол жеткізілгенін атап өтті.