Бүгін Қайрат Мәми ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар мәселелері бойынша Жоғарғы комиссарымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар мәселелері бойынша Жоғарғы комиссары Астрид Турспен кездесті.

Кездесуде Қайрат Мәми Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен және оның институттарымен өзара қарым-қатынастың жоғары деңгейіне қол жеткізілгенін атап өтті.

«Ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісім – еліміздегі тұрақтылықтың негізгі іргетасы. Ұлттар арасында қалыптасқан өзара құрметті сақтау арқылы ғана нағыз демократиялық және еркін қоғам құруға болады», - деді Қ. Мәми.

Елімізде 130 ұлт пен ұлыс, 17 конфессия өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқаны атап өтілді.

Әңгіме барысында Қазақстанның сот жүйесіндегі тіл тәжірибесі талқыланды. Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу сот процесіне қатысушы өтініш білдірген немесе сотқа талап арыз берілген тілде жүргізілетіні атап көрсетілді.

Кездесуді аяқтай келіп, Жоғарғы Сот Төрағасы ынтымақтастықтың нәтижесінде толеранттылықтың барынша жоғары деңгейіне қол жеткізуге болатындығына сенім білдірді.  

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі