Жарияланымдар

Қазақ

Жоғарғы Сотының судьясы Т.Баратбеков: «Судья қандай жағдай болса да жемқорлыққа қарсы тұруға міндетті», «Baq.kz», 24.04.2017 ж.

Судья қандай жағдай болса да сот билігінің тәуелсіздігі принципін сақтауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға міндетті. Бұл туралы Жоғарғы Сот судьясы Талғат Баратбеков Baq.kz агенттігіне берген сұқбатында айтты.

Судьяның айтуынша, сот төрелігі жүйесінің сапасын арттырып, жоғары деңгейге көтеруде кәсіби, білікті, адамгершілік болмысы мінсіз судьялар корпусын қалыптастырудың маңызы зор.

Жоғарғы Сотының судьясы Т.Молдахметова: «Судьялық әдеп кодексі халықаралық талапқа сай», «Егемен Қазақстан», 06.04.2017 ж.

Кешегі дана билердің дәстүрін бүгінгі әлемдік тәжірибемен байыта отырып дамытқан еліміздің сот корпусы Тәуелсіздіктің 25 жылында биік белестерді бағындырды. Өйткені, кешенді сот реформасының жүзеге асуына қозғаушы күш – судьялар корпусы ғана болып табылады. Сондықтан, бүгінгі қазыларымыздың жалпы мінез-құлық қағидаттары қандай болу керектігі жайында мәселе туындаған кезде, ең алдымен, Судьялық әдеп кодексін басшылыққа аламыз.

Жоғарғы Сотының судьясы Б.Мақұлбеков: «Сот билігі тәуелсіздікпен бірге түледі», «Егемен Қазақстан, 31.12.2016 ж.

Биылғы Мешін жылы елімізге елеулі әрі есте қалатын құт-береке әкелді. Ата-бабалар аңсаған ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерейтойы үлкен жетістіктермен атап өтілді. Жүз жылға бергісіз осы аз уақыт аясында тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың елімізді аяғынан тік тұрғызған ұлан-ғайыр ісін бүкіл әлем біліп, мойындады.

Жоғарғы Сотының судьясы Б.Шермұхаметов: «Жаңа буынды сот жүйесі заман талабы», «Айқын», 15.09.2016 ж.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ­стан – 2050» стратегиясында мемлекеті­міз­дегі азаматтардың құқықтарын қорғаудың басты тетігі – сот жүйесін одан әрі жаңғыр­тып, нығайту туралы атап өткен болатын.

Батыс Қазақстан облыстық сот алқасының төрағасы М.Нағашыбаевпен сұхбат "Тәуелсіз сот төрелігі – екінші реформаның күретамыры», «Eгемен Қазақстан», 14.06.2016 ж.

Бүгінгі күні мемлекетімізді одан əрі дамытудың басты кепілі мен тұтқасы барша қазақстандықтарға ортақ жаңа құқықтық орта қалыптастыру болып отыр. Мұның өзі əлемдегі дамыған 30 елдің бірі болуға негіз қалай алады. Оған жеткізудің басты жолдары Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев белгілеп берген Ұлт Жоспарында тайға таңба басқандай айқын көрсетілген. Аталған жоспар бес институттық реформадан тұратыны белгілі. Осындағы екінші реформаның жұлыны мен жүйкесі, мəні мен маңызы бірінші кезекте елімізде тəуелсіз сот төрелігін орнықтыру мен қалыптастыруға бағытталған.

Дәмежан Кенжеқызы «Жыр алыбы Жамбылға арналды» // «Ана тілі» газеті, 17.02.2016 ж.

Кеше Елордада Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ұйымдастыруымен Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерейтойына арналған «Жыр алыбы Жамбыл және ел бірлігі» атты шара өтті. Салтанатты жиынға еліміздің жоғарғы сот органының судьялары, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.  

Нұрлан Қалқа, «Қайрат Мәми, Жоғарғы Сот Төрағасы «Заң үстемдігін қамтамасыз ету – соттардың басты міндеті» // «Айқын» газеті, 26.01.2016 ж.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында «Заң үстемдігін қамтамасыз ету – соттардың басты міндеті» атты тақырып аясында кеңейтілген мәжіліс болып өтті. Онда елімізде сот төрелігін жүзеге асырудың 2015 жылы атқарылған істер қорытындыланып, алдағы уақытта қолға алынатын іс-шаралар мен бағыт-бағдарлар атап көрсетілді.

Бағлан Мақұлбеков Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы «Азаматтық процессуалдық кодекс - уақыт талабымен үндескен құжат» // inform.kz, 25.11.2015ж.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік алған жылдар аясында Қазақстан Республикасының экономикалық және саяси өмірінде халықаралық қызығушылық пен беделге негіз болған бірталай ауқымды шаралар жүзеге асырылды.

Елімізде нарықтық қатынастар мейлінше дамып, жаңа қаржылық жүйе қалыптасты. Қоғамда мемлекет пен азаматтардың арасында жаңа қатынастар орнап, осы қатынастарды реттейтін жаңа заңдар қабылдау қажеттілігі туындады.

Интервью заведующего отделом информационных технологий и защиты информационных ресурсов аппарата Верховного суда Сергазы Омаша «Мантия онлайн» // газета «Экспресс К», 16.08.2015 г.

Казахстанская Фемида внедряет систему электронного правосудия. В Плане нации "100 конкретных шагов – Современное государство для всех" президент Нурсултан Назарбаев дал поручение ввести в обязательном порядке аудио- и видеофиксацию всех судебных процессов. Технические новшества должны поднять судебную систему на новый уровень.

Беттер