Жарияланымдар

Қазақ

Моряк ШЕГЕНОВ, Жоғарғы Сот судьясы «Құқықтық мемлекеттің негізі» // «Егемен Қазақстан» 19.08.2014ж.

Өркениеті дамыған әлемде бағыт-бағдарын айқындаған, өзіндік келбеті, ерекшелігі бар мемлекеттер ғана басымдыққа ие бола алады. Бүгінгідей нарықтық заманда әр қадамын есеппен жасап, әр ісін жеті рет өлшеп, бір рет кескеннен кейін ғана бекітпесе дамыған мемлекеттердің қатарынан көріну әсте қиын. Мұндайда бүкіл саланың өркендеуіне, дамуына кепілдік беретін құқықтық құжаттардың, құқықтық қауіпсіздіктің орны ерекше. Тәуелсіз елдің тұғырын көтеріп, өзге елдермен тең дәрежеде тілдесуін қамтамасыз ететін Конституция екені даусыз.

Алма ТҮСІПБЕКОВА, Жоғарғы Соттың бас консультанты «Өмір оты» // «Егемен Қазақстан» 19.08.2014 ж.

Саналы ғұмырын төрелік жолына арнаған Ғалия Аққуова халықтың абыройына бөленген, мемлекет сенімін ақтаған жан. Оның мұндай биіктен көрінуіне, қиындықты мойымай жеңе білуіне отбасындағы тәрбиенің, әке парасатының әсері зор болса керек. Жас қыздың бойындағы өрлікті кезінде сөз зергері Ғабит Мүсірепов те сезгендей. Талдырмаш қызға арнап қолтаңба қойып, өз кітабын берген жазушының ішкі түйсігінің алдамағанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр.

Александр Тасболатов «Сенім мен қолдау – сот қуаты» // «Егемен Қазақстан» 19.07.2014

Біздің елде халықтың сотқа деген сенімі жоғары. Сол сенімнің үдесінен шығу үшін мемлекет те соттарға барлық жағдайды жасап, олардың талап деңгейінде қызмет істеуіне бар қолайлылықты туғызып келеді. Соның арқасында соттардың да қуаты арта түсуде. Дәл соның дәлеліндей, әділдікті арқау етеді деген билерге арнап тағы бір ат шаптырым жерді алып жатқан биік те, зәулім, іші де, сырты да жайнаған жаңа ғимарат бой көтерді. Ол – Астана қаласының сот төрелігі сарайы деп аталды.

«Соттардың әділ шешіміне азаматтар алғысы шексіз» // «ҚазАқпарат» 11.07.2014ж.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақта «Батырды жүз әйелдің бірі туса, биді мың әйелдің бірі туады» деген нақыл сөз бар. Яғни, би болу - екінің бірінің қолынан келе бермейтін, кәсіби біліктілікті талап ететін, адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалайтын, адамның, отбасының, оған қоса мемлекеттің тағдырына ықпал жасайтын жауапты да мәртебелі лауазым.

Камила Ысқақова «Қайрат Мәми, Қр Жоғарғы Сотының төрағасы: «біздің жетістіктерімізді халыққа жеткізетін де, біз жайлы пікір қалыптастыратын да — бақ» // «Заң газеті» 10.07.2014ж.

Осы аптаның басында ҚР Жоғарғы  Сотының төрағасы Қайрат Мәми Алматы қаласына арнайы ат басын бұрды. Жоғарғы Сот төрағасы Алматы қаласының соттары және ҚР Әскери соттарының 2014 жылдың I-жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысымен танысып, судьялардың VI съезінде Елбасы Н.Назарбаевтың сот жүйе­сіне жүктеген бірқатар тапсыр­маларына тоқталып, оның орындалу барысы жайлы баяндады. Сондай-ақ, аталған кеңейтілген мәжіліс биылғы жылғы ҚР Жоғарғы Соты төрағасының қатысуымен өткен алғашқы есеп беру жиыны екендігін де еске сала кеткеніміз жөн болар.

Қайрат МӘМИ, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы «Елбасы бастамалары – сот реформасының қайнар көзі» // «Егемен Қазақстан» 18.06.2014ж.

Елімізді ұлы жетістіктерге жетелеп келе жатқан Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы қай тұрғыдан айтсақ та жарасады. Президент мемлекет басына ел мен ұлт мүддесін көздің қарашығындай сақтап қалуда, халық шаруашылығын қақыратып алмауда өте қиын мәселелер қат-қабат шиеленіскен аса жауапты кезде келді.

Zakon.kz, ВС РК и АО «Казпочта» подписали совместный приказ об информационном взаимодействии//29.05.2014 г.

Но­вая Схе­ма вза­и­мо­дей­ствия поз­во­лит су­дам от­сле­жи­вать те­ку­щий ста­тус поч­то­во­го от­прав­ле­ния по­сред­ством уни­каль­но­го штри­хо­во­го поч­то­во­го иден­ти­фи­ка­то­ра.

Беттер