Жарияланымдар

Қазақ

«Заңгерліктен қайраткерлікке ұласқан жол», Д.Әмір, «Заң газеті», 16.01.2024 ж.

Қазақ өзінің елдік даму тарихында ежелден адамдық пен арлылықты, тазалық пен әділдікті қастерлеп, кие тұтқан халық. Қазақтың елдік қадір-қасиет белгілерінің жиынтық идеалдық образы билер дейтін болсақ, оған қойылар талап та өте биік болғаны белгілі. Ал қазақта сол биік талапқа сай сарабдал сұңғыла, заңғар биік, өрелі билер аз болмаған. Және әдеттегімізше, бір-біріміздің аузымызға түкіріп қойғандай тақылдап ала жөнеліп, әбден әйгіленген үш биімізді қайталай беретін де жөніміз жоқ. Себебі қазақтың билік деңгейі тек Төле, Қазыбек, Әйтеке билермен ғана шектелмеген ғой.

«Соттың абыройы – мемлекеттің абыройы», Ж.Асанов, «Egemen Qazaqstan», 23.10.2020 г.

Осы жылдың қазаны еліміздегі судьялар корпусы үшін маңызды оқиғаларға толы. Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен судьялардың VIII съезі өз жұмысын бастайды. 30 қазанда Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Жоғарғы сот төрағаларының XV кеңесі өтеді. Қазіргі уақыт талабына сәйкес екі форум да онлайн режімде ұйымдастырылады.

«В Страсбурге приняли Декларацию европейской комиссии по эффективности правосудия», «Zakon.kz», 23.09.2020 г., перевод Декларации с английского судьи ВС РК М.Балкена

Декларация напоминает о том, что в период пандемии коронавируса необходимо не забывать о таких важных принципах как права человека и Верховенство закона.

В Страсбурге на специальном виртуальном пленарном заседании Европейской комиссии по эффективности правосудия (CEPEJ), организованном в рамках председательства Греции в Комитете министров Совета Европы, была принята Декларация европейской комиссии по эффективности правосудия, передает zakon.kz.

ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Н.Шәріпов: «Ел тұрғындары электронды сот төрелігінің игілігін көруде», «Zakon», 17.07.2017 ж.

Жедел ақпарат алмасудың озық технологиясы дамыған ХХІ ғасырда сотқа жүгінудің инновациялық тәсілдері іске қосылды.

Дана халқымыз түгел сөздің түп атасына теңеген Майқы би бабамыз сонау ерте заманда хан қарашасыз, дау арашасыз болмайтынын айтып, кейінгі ұрпаққа билік айтудың озық үлгісін қалдырды.

А.Садуақасов: «Судьяларға алғыс білдіреді», «Айқын», 01.06.2017 ж.

Елімізде азаматтардың судьяларға деген сенімі жыл санап артып келеді. Бұған қарапайым азаматтар мен кәсіпкерлердің, тіпті шетелдік инвесторлардың Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмидің атына жазып жатқан алғысхаттары дәлел. Осындай алғысхаттардың бір парасы – тұрғын үйінен айырылып, кейіннен соттың көмегімен өз баспанасына меншік құқығын қалпына келтірген азаматтардан да келіп түсуде. 

Шымкенттік азаматтар соттан әділдік тапты

Жоғарғы Соттың судьясы А.Смайлов: «ЭКСПО-2017» көрмесі – туған жерімізді әлемге танытудың зор мүмкіндігі», «Заң газеті», 30.06.2017 ж.

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында мықты әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қадамдар мен бұқаралық сананы өзгерту туралы көзқарасын білдірген болатын. Әр азамат айқындалған мақсаттар мен міндеттерді саналы түрде сезініп, орындалуына шын ықыласпен ат салысса, көздеген межеге жетеріміз айдан анық. Ол үшін әрбір азаматтың бойында білім-білік дағдыларымен қатар, патриоттық сезім де болуы қажет.

Жоғарғы Соттың судьясы Д.Нұралин: «Тәуелсіз сот билігі – әлеуетті мемлекет негізі», «Zakon.kz», 29.05.2017 ж.

Бүгінгі күні дыбыс-бейне жазу құралдарымен еліміздегі соттар 100 пайыз толық жабдықталған.

«Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады» Қазақстан Республикасының Конституциясының 75-бабы 1,2-бөліктері.

Г.Шынтемірқызы: «Ақтау тұрғындары облыстық сотты «Алғыс хатпен» марапаттады», «Егемен Қазақстан», 25.05.2017 ж.

2009 жылы Ақтау қалалық әкімдігі балабақшаға айналдыру мақсатында медициналық колледж орналасқан ғимаратты босатып, аталмыш колледжге қаланың 35-шағын ауданынан медициналық қалашық салу үшін жер телімін бөлген болатын.

Жоғарғы Сотының судьясы Е.Әріпов: «Қылмыстық заңның кері күші», «Zakon.kz», 17.05.2017 ж.

Конституциялық талаптарға сәйкес жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды

Жоғарғы Сотының судьясы М.Жангуттинов: «Заң ханға да, қараға да ортақ», «Заң газеті», 12.05.2017 ж.

Күн кешегі билер салған сара жол - әділдік пен ақиқаттың айқын көрінісі. Себебі би – бірінші кезекте халыққа сот төрелігін шынайы, әрі турашылдықпен жүзеге асыруда әділ билігімен танылған, соттық функцияны атқаратын мемлекеттік қызметші. Ол сот ісін жүргізгенде өзі қадағалайтын тәртіптілікті қатаң сақтай отырып, істің күрделілігі мен екі жақ тараптың ықылас-мүдделеріне баса назар аударады. Сонымен бірге, іске қатысатын тараптардың өкілдері мен өзге де қатысушылардың мүмкіндігін шектемей, жариялылықты қатаң сақтайтын әділ төреші болған.

Беттер