Жарияланымдар

Қазақ

М. Жангуттинов, судья Верховного Суда РК «Формируя список присяжных» // «Юридическая газета», 23.12.2014г., № 190

Важным звеном отправления правосудия с участием присяжных заседателей является отбор из приглашенных в суд кандидатов коллегии присяжных. Именно на этом этапе при формировании состава присяжных заседателей суды сталкиваются с определенными организационными трудностями.

Төлебай Қожан, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы «Қоршаған ортаны құрметтеу – өзіңді құрметтеу» // «Заң газеті», 18.12.2014ж., № 187

Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмірі мен қыз­метінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын артты­ру­дың табиғи негізі болып табылады. Адамның табиғатқа келтірген зияны салдарынан XX ға­сырдың ортасында әлемдегі экологиялық жағдай күрт төмендеп, дүниежүзіндегі адам­зат­тың тұрмыс-тіршілігіне үлкен қатер төне бастады. Осы кезде БҰҰ Қазақстанды эколо­гия­лық жағ­дайы нашар ел­дердің қатарына жатқызған болатын.

Қалкөз Жүсіп, «Жаңа қылмыстық кодексті қолдануға дайынбыз ба?» // «Заң газеті» 30.09.2014

Қыркүйектің 25-27 аралығында Бурабай аудандық сотының базасында «Жаңа қылмыстық және қылмыстық процессуалдық заңнама нормаларын қолдану» атты үш күндік халықаралық семинар болып өтті. Аталмыш се­минар биылғы жылдың 9 сәуірінде Мемлекет бас­шы­сының өкі­мімен бекітілген Қылмыстық және қылмыстық-про­цес­суалдық кодекстердің жаңа үлгісіне көшу жөніндегі бірыңғай мемлекеттік іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Бағылан Мақұлбеков, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Судьясы « Ұстаз ұлағаты» // «Айқын» 30.09.2014ж

 

1982 жылы еліміздің жоғары оқу орындарының қара шаңырағы атанған Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін ойдағыдай аяқтап, Талдықорған облыстық сотына жолдама алдым. 

Дипломның қызуы басылмай, «тау қопаратындай» тасып келген көңілім, теория мен тәжірибенің арасындағы «асуды» сезінген кезде, бір сәтке басылып қалғандай болды. Дегенмен тағдыр маған оң қабақ танытып, жайдары мінез көрсетті. Себебі облыстың сот жүйесін басқарып отырған білікті басшылардың, абзал ағалардың қамқорлығына бөлендім.

Сұхбаттасқан Сәкен Орынбасарұлы, «Мемлекетіміздің сот жүйесі даму үстінде» // «Заң газеті» 26.09.2014ж.

 Қуанышбай ҚЫДЫРБАЕВ, Құрметті судья, «Үш би» төсбелгісінің иегері, сот саласының ардагері:

Саналы ғұмырын бір ғана салаға арнайтындар санаулы. Қуанышбай Қыдырбайұлы сол санаулылардың санатынан. Сот жүйесінде 38 жыл тер төккен тұлға. Еңбек жолын өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастады. Тәуелсіз мемлекетіміздің сот жүйесін қалыптастыруда, дамытуда тәжірибелі маман, білікті басшы ретінде зор үлес қосты. Екі дәуірдің көзін көрген сот ардагері Қуанышбай Қыдырбайұлымен 70 жылдық мерейтойының қарсаңында сұхбаттасудың сәті түскен еді.

Қайрат МӘМИ, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы "ТАРИХЫҢДЫ ТАНЫ!" 30.08.2014

Құрметті отандастар!
Сіздерді ел өміріндегі маңызы зор мемлекеттік мереке – Қазақ­стан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!

Еліміздің Ата Заңы – мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың іргелі қағидаттарын реттейтін аса маңызды құжат. Адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары Қазақстанның ең негізгі конституциялық құндылығы ретінде бекітілді. Бұл – Қазақстанның экономикалық және саяси тұрғыдан қарқынды дамуының ең басты факторларының бірі, қазақстандықтардың тең құқық пен мүмкіндіктерге ие болуының кепілі. 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі «Шығыс Қазақстанда жаңа сот ғимараты ашылды» // «Заң» газеті 27.08.2014ж.

Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәми Шығыс Қазақстан облыстық сотының ғимаратын сал­та­нат­ты түрде ашты. Іс-шараға облыс әкімі Берді­бек Сапарбаев та қатысты. Салтанатты рәсім­ді бас­таған Қ.Мәми шараға қатысушыларды алда­ғы ме­реке – Қазақстан Республикасының Консти­ту­циясы күнімен құттықтады.

Александр Тасболатов «Елбасы тапсырмалары ойдағыдай орындалуда» // «Егемен Қазақстан» 26.08.2014

Кеше Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметовтің, Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы­ның төрағасы Еліс Әбдіқадыровтың және Жоғарғы Сот судьяларының қатысуымен селекторлық кеңес өткізді. 

Д.Нұралин, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы «Кәмелет жасқа толмағандардың тағдыры жаңа заңдардың қорғауында» // «Заң» газеті 21.08.2014 ж.

Қазақстан Республикасы Конс­ти­ту­циясының 27-бабында көрсетілгендей, неке және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Жасөспірімдер арасындағы қылмыс ел болашағына қауіпті екені белгілі. Көп жағдайда қылмыстардың жасалынуына жасөспірімдер өмір сүретін орта­дағы әлеуметтік және тәрбиелік мәсе­лелер ықпал етеді. Біздің елі­міз­де құқық бұзып, қылмыс жасаған кәме­леттік жас­қа толмағандар Қазақстан Рес­пуб­ликасының заң талаптарына сәй­кес жауап береді.

Беттер