Жарияланымдар

Қазақ

Н.Сисенова, ҚР Жоғарғы Сотының судьясы, Жоғарғы Соттың судьялар одағы филиалының жанындағы судья әдебі жөніндегі комиссияның хатшысы, Кодекс мінсіз құжатқа айналуы тиіс//Заң газеті 27.05.2014ж. №75

Күні кешегі қазақ халқының құқықтық жүйесінде билер сотының мәртебесі мен мәнін айқындайтын бірқатар айшықты қағидаттар мен нормалар қалыптасқан. Олардың негізі халықтың құқықтық түйсігіне терең бойлап, мазмұны мен мәнісіне жете баға берген. Мәселен, «Би төрттің құлы: адал еңбек, таза ниет, терең ой, әділдік». Айтылған ойдың астарлы мағынасынан биікті бағындырып, аққа жаршы болған судьяның тағдыры қандай болуы керектігін ұғуға болады.

Бағдат Ахметов, Қазақстан Республикасы Ардагер судьялар кеңесінің хатшысы Астана қаласы, Судьялыққа үміткерлерге талапты күшейту керек// Айқын газеты 24 мамыр 2014 №87

Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми өзі бас болып, бүгінде Президент жүктеген міндеттерді іске асырудың тетіктерін қарастырып, заңдық негіздегі алғышарттарын жасауға белсене кірісті.

Беттер