Батыс Қазақстан облыстық сот алқасының төрағасы М.Нағашыбаевпен сұхбат "Тәуелсіз сот төрелігі – екінші реформаның күретамыры», «Eгемен Қазақстан», 14.06.2016 ж.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгінгі күні мемлекетімізді одан əрі дамытудың басты кепілі мен тұтқасы барша қазақстандықтарға ортақ жаңа құқықтық орта қалыптастыру болып отыр. Мұның өзі əлемдегі дамыған 30 елдің бірі болуға негіз қалай алады. Оған жеткізудің басты жолдары Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев белгілеп берген Ұлт Жоспарында тайға таңба басқандай айқын көрсетілген. Аталған жоспар бес институттық реформадан тұратыны белгілі. Осындағы екінші реформаның жұлыны мен жүйкесі, мəні мен маңызы бірінші кезекте елімізде тəуелсіз сот төрелігін орнықтыру мен қалыптастыруға бағытталған.

Батыс Қазақстан облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы М.НАҒАШЫБАЕВПЕН əңгімеміз осындай бағытта өрбіді.

– Мирамбек Ибрагимұлы, биылғы жылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекетімізде Ұлт Жоспарын орындаудың прак ти- калық кезеңі жүріп жатыр. Атал ған кезең еліміздің сот жүйе- сіне жəне аймақтағы судья лар корпусына мерейлі міндеттер жүктейді. Осыған орай не айтаредіңіз?

– Ұлт Жоспарының арғы аста- ры мен құндылығын азаматтардың санасына сіңіру, жүректеріне жеткізу жəне оның елдің одан əрі дамуына тигізетін баға жетпес пайдасын жан-жақты əрі терең түрде түсіндіру – ортақ парыз. Қазір бұл істің бел ортасында жүрміз десек, артық айтқандық бола қоймас. Соның ішінде айтайын дегенім, еліміздің Жоғарғы Соты Ұлт Жоспарында сот жүйесіне қатысты қойылған міндеттерге сай арнайы іс-шаралар кешенін бекіткен болатын. Біздің бүгінгі іс-қимылымыз осы арнадан тамыр тартады. Бұл бағытта ең алдымен ақпараттық-анықтамалық матери- алдар жасақталды.

Осы арқылы бекітілген іс- шараларды кезең-кезеңмен іске асыруға мүмкіндіктер туып отыр. Əсіресе, бүгінгі күнге дейін Ұлт Жоспарын жүзеге асырудың стра- тегиялық бағыттарын айқындап алғанымыз бізді түпкі нəтижеге жетуге біршама жақындата түседі деп санаймыз. Қысқасы, Мемлекет басшысы жариялаған реформалар бірінші кезекте жалпыұлттық идеяға, содан соң жалпыұлттық іске айналуы тиіс. Батыс Қазақстан облысының су- дьяларымен, міне, осындай бағытта жұмыс жүргізу жөнінде бірқатар істер қолға алынды.

– Ұлт Жоспарында реттік саны бойынша екінші деп белгіленген сот реформасының маңызды бір қыры – сот төрелігінің бірінші, апелляциялық, кассациялық, қадағалау жəне қайта қадағалау секілді бес сатылық жүйесінен оның үш буынды жүйесіне өту болып отыр. Бұдан азаматтардың сот инстанция- ларына шағымдану құқығы шектеліп қалып жүрмей ме?

 – Жоқ, шектелмейді. Бұлайша қауіптенуге ешқандай негіз жоқ. Мұндай жағдайда апелляциялық саты істерді бірінші сатыдағы соттардың қарауына қайтадан жолдамайды. Рас, соттың қай саты- сында да оның шешімі бұзылатын жағдай кездесіп тұрады. Бұл кезде өзге емес, сол судьяның өзі жаңадан шешім қабылдай алады. Мəселенің осылай қойылуының екі жаққа да пайдасы бар деуге болады. Біріншіден, сотқа қатысушылар тағы да ұзаққа созылған əуре- сарсаңға түспейді. Екіншіден, осы арқылы мемлекеттің уақыты мен қаражатын үнемдеуге де жол ашылады. Яғни, сот саты- ларын оңтайландырудың басты мақсаты сот төрелігінің сатыла- рын қысқарту, оның орындалуын тездету арқылы азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін барын- ша жеңілдету болып табылады.

Оқырманға түсініктірек болу үшін айта кетсек, ендігі жерде бірінші саты – аудандық соттар, апелляциялық саты – облыстық сот, кассациялық саты – Жоғарғы Сот. Жаңа үш деңгейлі сот жүйесі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз жұмысын бастады. Осы қадамды іске асыру жаңадан қабылданған Азаматтық процестік кодекске, Қылмыстық процестік кодекске өзгерістер мен толықтырулар арқылы заңнамалық тұрғыдан бекітілді.

Қазіргі таңда Ұлт Жоспарындағы екінші реформаны жүзеге асыруға сəйкес облыстық соттардың апелляциялық сатыла- ры нығайтылды.

 – Сот жүйесін реформа лау- дағы темірқазық мəселенің бі- реуі жаңа судьялар корпусын жасақтау болып отыр. Бұған не дейсіз?

– Судья лауазымына кан- дидаттар іріктеу тетіктері мен біліктілік талаптарын тереңдету жөнінде бірқатар шаралар алын- ды, яғни қойылатын біліктілік талаптары мен іріктеу тетіктері қатаңдатылды. Аудандық соттың судьясы болып, сот процестеріне қатысқан, сот отырысының хат- шысы, соттың, прокурордың, адвокаттың көмекшісі ретінде бес жылдан кем емес еңбек өтілі бар немесе заңгерлік мамандық бойынша кемінде он жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады. Судья лықтан үміткерлерді негізгі жұмыс орнынан босата отырып, тұрақты түрде сот та ақы төленетін бір жылдық тағы лымдамадан өткізу қолға алы нып жатыр, яғни осыған сай тағылымдамадан өту ережесі бекітілді. Оларға сынақ мерзімі белгіленбек жəне үміткерлер поли графологиялық зерттеу ден өтетін болады. Бұған қоса, жас судьялардың кəсіби дағ ды лары мен іскерлігіне де арнайы тексерулер жүргізіледі. Бұл тұрғыда біліктілік емтиханы психологиялық жəне ахуалдық тестілеумен толықтырылып отыр.

– Ал қазіргі қызмет етіп жүрген судьяларға қатысты та- лаптар қандай болмақ?

– Бұл үшін бүгінде елімізде судьяның Əдеп кодексінің жаңа жобасы əзірлену үстінде. Бұл кодекс судьялардың биылғы жылы кезектен тыс өткізілетін VII съезінде қабылданады деп күтілуде. Жаңа редакцияда Сот жюриі туралы ереже бекітіліп, жаңа құрамы таңдалды. Сонымен қатар, азаматтардың судьялардың іс-əрекеттеріне қатысты сот жюриіне шағымдану тетіктері мен мүмкіндіктері біршама ұлғаймақ. Жоғарыда айтылғандай, қызметтегі судьялар реформа талаптарына сəйкес бес жыл са- йын қорытынды бойынша судья қызметін кəсіби бағалауды жүргізу тəртібі анықталды, бұл – сот төрелігін кəсіби сауатты заңгерлер жүзеге асырады деген сөз.

 – Ұлт Жоспары жария етіл- ген соң халықтың қызу тал- қысына түскен мəселенің бірі – Соттармен өзара іс-қимыл жө- ніндегі кеңестер жүйесі. Өйт кені, этикалық нормаларды бұзу ға жол беретін судьялардың да кез- десіп қалатыны жасырын емес. Жаңартылған кеңес солардың теріс іс-əрекетіне шағымданған азаматтардың арызын аяқсыз қалдырмау мақсатын көздесе керек. Бұл жүйені құрудың маңыздылығы да осында десек, қателеспейтін шығармыз?

 – Сөзіңіздің жаны бар. Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестер жоғары билік тармақтары мен қарапайым халық арасындағы байланыстарды жақсартуға сеп ті- гін тигізе алатын баламасы жоқ қоғамдық институт қызметін ат- қара алады. Олар – қандай іске де жауапкершілікті терең сезінетін кадрлардың келуіне ықпал жа- сайтын таптырмас тетік. Кеңес мүшелері ой-пікірлерінің аяқсыз қалмауы айрықша маңызды. Мұндай кеңестердің еліміздегі сот жүйесінің жанынан құрылуы да тек оңды өзгерістерге бастай- ды деген ойдамыз. Осы арқылы сот қызметінің ашықтығы мен мөлдірлігін, жариялылығы мен жалпыға бірдей қолжетімділігін жолға қоюға болатыны анық.

Осыған орай Батыс Қазақстан облыстық сотының жанында да Соттармен өзара іс-қимыл жө- нін дегі кеңес құрылып, отырыс- тарын өткізе бастады. Кеңестің тө райымы болып, отставкадағы, яғни доғарыстағы судья Вера Петровна Логвинова, хатшысы бо- лып Батыс Қазақстан облысы бо- йынша Кəсіподақтар орталығының заңгері Маусымжан Ержанқызы Жүсібалиева бірауыздан сайлан- ды.

Айта кетейік, соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құра- мына доғарыстағы судьялар, об- лыстағы кəсіподақтар орталы- ғының, кəсіпкерлер палатасының, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері жəне облыстың белгілі қоғам қайраткерлері енгізілді.

Сонымен бірге, облыстық соттың жалпы отырыстары мен мəжілістерін бүгінгі ақпараттық технологиялардың көмегімен ел- жұртқа тікелей көрсету шаралары қарастырылуда.

– Тек соттың жалпы оты- рысын ғана емес, сонымен бірге, бүгінгі күні барлық сот процестерін бейнетаспаға жазып алу шаралары белгіленіп отыр емес пе? Осы орайда судьяның бейнежазбаны тоқтатуға немесе оны редакциялауға мүмкіндігі болмауы керектігі де айтылуда. Бұған не дейсіз?

 – Өте орынды сауал қо йып отырсыз. Барлық сот үдеріс- терінің аудио жəне бейнежазба құрылғыларының қатысуымен өткізілуі – екінші реформа талап- тарының бірі. Бұған көшу біздің облыстың сот жүйесінде де то- лық жүзеге асырылып жатыр. Сот залдары аудиобейнежазба құрыл ғыларымен жабдықталды. Бұл ретте бүгінгі күні орнатылған аудио бейнетіркеу (АБТ) жүйесін- де мəліметтерді сақтаудың ор- талықтандырылған жүйесі бар, яғни судьялар немесе сот жүйе- сінің қызметкерлері тарапы- нан жазбаны тоқтатуға немесе аудио бейнетіркеу материалдарын редакциялауға жол берілмейді.

Сондай-ақ, бүгінде сот каби- неті сервисі деген ұғым пайда бол ғанын айта кеткен жөн. Бұл не нəрсе? Яғни, жеке жəне заңды тұлғалар осы аталған сервистік жүйені пайдалану арқылы үйінде немесе кеңсесінде отырып, ин- тернет желісінің көмегімен сотқа арыздарын бере алады. Əрі сот процесіне қатысушылар шалғайда жүріп, істің қозғалысын бақылай алады. Игіліктің ерте, кеші жоқ дегендей, көп кешікпей бұл игі шараның 100 пайызға іске асуына қол жеткіземіз.

Əңгімелескен Темір ҚҰСАЙЫН