Жоғарғы Соттың жұмыс тобы Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) сарапшыларымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құрамына жоғары сот органының судьялары, Департаменттің жауапты қызметкерлері кіретін Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева бастаған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ)сарапшыларымен кездесу өтті.

GIZ тарапынан Қазақстан мен Өзбекстанда GIZ өкілдігінің басшысы, «Орталық Азия елдеріндегі құқықтық мемлекеттілікке ықпал ету» GIZ өңірлік бағдарламасының басшысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Халықаралық кеңесінің мүшесі Йорг Пуделька, Германияның Конституциялық сот және федералдық өлкесінің жоғарғы әкімшілік сотының президенті Райнланд-Пфальц Ларс Брокер, Өзбекстандағы (Латвия) GIZ  жобасының кеңесшісі Кристина Коре Перконе, Әділет министрлігінің және Еуропа Саксония федералды өлке істері жөніндегі отставкадағы Мемлекеттік хатшысы, адвокат, Лейпциг қаласы университетінің профессоры Вилфрид Бернхардт қатысты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанда әкімшілік әділет жүйесін құрудың келешегін талқылады. Мамандандырылған сот алқасының төрағасы А. Қыдырбаева Әділет министрлігімен бірлесіп әзірленген Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (ӘРПК) жобасы туралы, оны қабылдаудың күтілетін мерзімдері туралы хабардар етті. Кодекс жобасы жария-құқықтық дауларды сотта қарау мәселелерін реттейді. Заң жобасы Үкіметтің 2018 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына енгізілген. Әзірленген Кодекс жобасы уәкілетті мемлекеттік органдарға келісуге жіберілді.

Қазақстандық тарап Германияның және әкімшілік процес шеңберінде азаматтар, ұйымдар бір жағынан және жария әкімшілік (мемлекеттік басқару органдары) арасындағы қақтығыстарды әкімшілік рәсімі шеңберінде шұғыл шешу бойынша әкімшілік әділет жүйесін салыстырмалы түрде жақында енгізген елдердің (Латвия, Әзірбайжан, Грузия, Түркіменстан) тәжірибесіне ерекше қызығушылық танытты.

Жоғарғы Сот судьялары GIZ сарапшыларымен әкімшілік сот ісін жүргізуге байланысты өзекті мәселелерді, соның ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша даулардың соттылығын анықтау, оларды жалпы юрисдикция соттарына беру, әкімшілік соттарда әкімшілік талап арыздарды ғана емес, оларға ілеспе талаптарды (мемлекеттік органның заңсыз актісі негізінде келтірілген залалды өндіру, өтемақы өндіру туралы); шалғай елді мекендердің тұрғындары үшін әкімшілік талап-арыздарды қарау мүмкіндігін ескере отырып, әкімшілік сот ісін жүргізудің оңтайлы моделін іздеу мәселелерін талқылады.

Тараптар ӘРПК жобасының жекелеген ережелерін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру бойынша тығыз ынтымақтастықтың қажеттілігі туралы келісті. Осыған байланысты жақын арада GIZ тарапынан заң жобасы бойынша сараптамалық қорытынды күтілуде.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, А. Қыдырбаева Йорг Пудельканы оның Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңестің 2018 жылғы үшінші құрамына сайлануымен құттықтап, белсенді көпжылғы ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі