Жоғарғы Сот судьясы Р.Жакудина облыстық соттардың судьялары үшін оқыту семинарын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Роза Жакудина «Аффект жағдайында қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған қылмысты дәрежелеу сұрақтары. Қажетті қорғаныс» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға бейнебайланыс арқылы республиканың жергілікті соттарының 400-ге жуық судьялары, соның ішінде облыстық және оған теңестірілген соттар төрағалары қатысты.

Бейнедәріс кезінде дәріскер қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған қылмыстарды саралаудың өзекті мәселелері, қажетті қорғануды қолдану заңдылығының шарттары, қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде қылмыс құрамдарын аффект жағдайында жасалған құқық бұзушылықтардан ажырату және қажетті қорғанудың түрлерін түсіндірді.

Бейнедәріс кезінде қылмыстық заңнама нормаларын дұрыс қолданбауға байланысты сот актілерін өзгертуге әкеліп соққан сот практикасының нақты мысалдары көрсетілді.

Тыңдаушылар дәріс тақырыбына қатысты қойған сұрақтарына онлайн-режимде жауаптарын алды.

 

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі