Жоғарғы Сот аппаратында ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінде (Жоғарғы Сот аппараты) Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.

«Конституция – еліміздің егемендігінің аса маңызды айшығы, мемлекеттілігіміздің тұғыры. Ол қоғамдағы демократиялық ұстанымдардың, ұлттық рухани құндылықтардың нығайуының, әр адамның және отбасының әлеуметтік жағдайы жақсаруының негізін салды. Ең бастысы, Ата заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының берік қорғалуының кепілі ретінде маңыздылығын көрсетті», - деді Департамент басшысы І.Испанов.

Салтанатты шара Департамент қызметкерлеріне мерейтойлық медаль, айрықша белгілер, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар тапсырумен жалғасты.

«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен 9 адам, ведомстволық наградамен 27 аппарат қызметкері марапатталды.

Іс-шара соңында І.Испанов марапатталғандарды құттықтап, сот қызметін дамытудағы жұмыстарына табыс тіледі. 

Источник: 
ҚР Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі