Пилоттық жобаларды іске асыру шеңберінде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бір ЖШС 67 214 503 теңге берешекті, 4 016 968 теңге өсімпұлды, 4 434 568 теңге өкілдер көрсететін қызметтер шығыстарын және мемлекеттік бажды өндіру туралы басқа бір ЖШС-ға талап қойып, Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

Талап қоюшы жауапкердің тауарды жеткізу үшін ақы төлеу бойынша өзіне қабылдаған шарттық міндеттемелерді орындамағанын атап көрсетті.

Дауды сотқа дейін реттеу барысында татуластырушы судья тараптарға бітімгершілік келісімді жасаудың артықшылықтарын: тараптардың уақыты мен қаржылық шығындарының үнемделетінін, қамтамасыз ету шараларының бір мезгілде күшінің жойылатынын, мемлекеттік баждың қайтарылатынын және берік іскерлік қарым-қатынастың сақталатынын түсіндірді.

Ұзақ әңгімелер мен кездесулерден кейін әріптестер бітімгершілік келісімді жасасты, оны сот бекітті. Талап қоюшы келісімнің шарттары бойынша қойылған талаптардан бас тартты, ал жауапкер 67 214 503 теңге берешекті, 4 016 968 теңге өсімпұлды, 4 434 568 теңге өкілдер көрсететін қызметтердің шығыстарын төлеу жөнінде өзіне міндеттеме қабылдады.

Тараптар жанжалдың сәтімен шешілгеніне, соттан тыс жағдайлардың бір-бірін түсінісуіне және өзара тиімді шешім қабылдауға ықпал еткеніне разылықтарын білдірді.

Осы ретте талап қоюшыға 2 217 283,53 теңге мемлекеттік баж қайтарылды.

Азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

 

 

Алматы қалалық соты «TrueConf»  мобильдік қосымшасы арқылы «Smart Сот» жобасының шеңберінде қылмыстық істі қарады.

Сот бейнеконференцбайланыс арқылы Турсунзадэде (Тәжікстан) және Сан-Францискода (Америка Құрама Штаттары) тұрған куә мен жәбірленушіден жауап алды.

Істерді қарау кезінде БКБ-ні қолданудың бірқатар артықшылықтары бар. Жоба тараптарға уақыты мен қаражатын шығындамастан және сотқа келмей-ақ процеске толыққанды қатысуына мүмкіндік береді. Сот процестеріне қатысушылар сондықтан да электрондық сот ісін жүргізуді енгізу жөнінде жаппай оң пікір білдіруде.

Инновациялық технологияны кеңінен қолдану сот жүйесін жетілдірудің басым бағыттарының бірі болып табылады.

 

 

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты АҚ-ның борышты өндіру туралы МҚК-ге қойған талабын қарады.

Сот талқылауы барысында тараптар сотқа дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді ұсынды. Осы келісім бойынша жауапкер талап қоюшының 193 207 366 теңге мөлшерінде қойған талабын мойындайтынын, ал талап қоюшы қойған талаптарынан бас тартатынын мәлімдеді.

Жауапкер медиациялық келісімнің талаптарын орындамаған жағдайда талап қоюшы атқару парағын алу үшін сотқа жүгінуге, содан кейін оны мәжбүрлеп орындауға беруге құқылы екені туралы тараптарға түсіндірілді. Талап қоюшыға 5 796 221 теңге көлеміндегі мемлекеттік бажды төлеу жөніндегі шығыстары толық көлемінде қайтарылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.ого соглашения, истец вправе обратиться в суд за получением исполнительного листа, с последующей подачей его на принудительное исполнение. Расходы по оплате 5 796 221 тенге госпошлины возвращены истцу в полном объеме.

Определение суда вступило законную силу.

Источник: 
Жергілікті соттардың баспасөз қызметі