Павлодарда міндетті медиация бойынша жастар дебаты өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру шеңберінде Судьялар Одағының Павлодар облысы филиалы  «Қазақстандағы міндетті медиация: «Қарсы» және «Қолдау» тақырыбына жастар арасында дебат турнирін өткізді. Турнирге С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Инновациялық Еуразия университеті, Павлодар педагогикалық институтының студенттері мен Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары қатысты.

Облыстық сот төрағасы Мұхтар Смағұлов турнирді аша отырып, аталған іс-шара медиация институтын дамытуды ынталандыруға, қоғамда жанжалды азайтуға және азаматтардың құқықтық ағартушылығына бағытталғанын атап өтті. Дебатты ұйымдастырушылар да, осылайша өсіп келе жатқан ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын ынталандыратынын  айтты.  

Сөз сөйлеушілер халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жетілдірілген және жүйелі жұмыстың арқасында, оның ішінде аталған институттың нысаны мен тиімділігі туралы азаматтарды ақпараттандыруда медиацияны дамыту қажеттілігі туралы жалынды сөздер айтып өтті. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары тіпті осы мәселеде еріктілер ретінде әрекет жасауға ұсынды.

Нәтижесінде қатысушылар 2 топқа бөлінді. Әр топ өз пікірлерін білдіріп, дамыған елдердің оң мысалдарын келтірді. Медиация институтының тиімді және сын позициялары талқыланды. Спикерлер толерантты және жанжалсыз қоғамды дамытуда татуластыру рәсімінің маңызды рөлін атап өтті. Дебат барысындағы эмоциялар қарқындығы ертеңгі күнді ойлайтын жастар үшін тақырыптың өзектілігін растады.

Турнир нәтижесі бойынша бірінші орынға С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің студенттері Мүслим Елдос пен Совет Санат, екінші орынға Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Ярослав Миронов пен Нұрсипат Түлібаев, үшінші орынға Инновациялық Еуразия университетінің студенттері Мұхитжан Ролан мен Эрик Беккер иеленді. Жеңімпаздар грамоталар мен қазақ әдебиетінің кітаптарымен марапатталды.

Іс-шара қорытындысы бойынша соттардың жоғары оқу орындарымен одан әрі ынтымақтастығы мен бірқатар бірлескен жобалар жоспарланды.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі