Павлодар облыстық сотында бұйрық арқылы іс жүргізу туралы қылмыстық-процестік заңнаманың жаңашылдықтарын түсіндіріп өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ербол Жанғазин «дөңгелек үстел» өткізді, оның барысында қатысушылар бұйрық арқылы іс жүргізудің өзекті мәселелерін талқылап өтті.

Талқылауға судьялар, прокуратура, Павлодар қаласының ІІД мен ІІБ-ның өкілдері қатысты.

Іс шараны аша келе, Ербол Жанғазин: «Республиканың құқықтық жүйесін дамытудың қазіргі кезеңінде қылмыстық процесті жетілдірудің басым бағыттарының бірі сот рәсімдерін оңайлату болып табылады. Осы мақсаттарға жету үшін Қылмыстық-процестік кодекске бұйрық арқылы іс жүргізудің жаңа институты енгізілді. Қылмыстық процестің бұл нысаны күдіктілер өз кінәсін мойындап, дәлелдемелерді дауламайтын істер бойынша формалды рәсімдерден соттар мен қылмыстық қудалау органдарын арылтатын жалпы тәртіптегі оңайлатылған баламасы болып табылады», -деп атап өтті.

«Дөңгелек үстел» барысында облыстық соттың судьясы Марат Рымбаев сотқа дейінгі іс жүргізуді жүргізетін адамның күдіктінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру қажеттілігін, ықтимал айыппұлдың нақты мөлшерін, айыппұлды орындаудың мерзімі мен тәртібін, оны орындаудан жалтарудың салдарын, үкімге апелляциялық шағымдану құқығын түсіндірді. Осы түсіндіру бөлек хаттама түрінде ресімделуі қажет. Сонымен қатар,  бұйрық арқылы іс жүргізу мерзімін есептеу сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін тіркеу кезінен емес, ал ҚР ҚПК-нің 629-1-бабының 2-бөлігінде тізімделген, бұйрық арқылы іс жүргізу үшін жиынтықты қайта құру сәтінен басталатыны айтылды.

Облыстық прокуратураның Қылмыстық қудалау басқармасының  бастығы Әсет Нұрмақанов «дөңгелек үстел» қатысушыларын Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 14 наурыздағы «Бұйрық арқылы іс жүргізуді қолдану тәртібі туралы» Нұсқаудың шығарылуымен таныстырып өтті, онымен бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібінде алдын ала тергеуді аяқтаудың бес күндік мерзімін қатаң сақтауға және оны қолдануға күдіктілердің құқықтары көрсетілген.

Жалпы «дөңгелек үстел» қатысушылары өткізілген іс-шараның өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.

Источник: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі