Павлодарда судьялар салық және кеден заңнамасын қолдану мәселелерін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотында «Салық және кеден заңнамасын қолдану» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараға азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы және облыстық соттың судьялары, мамандандырылған әкімшілік, экономикалық соттардың судьялары, прокуратура, Мемлекеттік кірістер департаменті, сондай-ақ, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Іс-шараны аша отырып, алқа төрағасы А.Күзеков Мемлекет басшысының «Үшінші жаңғырту: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру көзделгендігін, осыған байланысты мемлекетімізде баршаның заң алдындағы теңдігі мен құқық үстемдігін қамтамасыз ету, жеке меншікті қорғауға бағытталған реформалар шеңберінде республика соттары салық және кеден заңнамасын қолдану мәселелерін зерделеп  жатқанын атап өтті.

Облыстық соттың судьясы П.Афанасиади заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеуін заңсыз деп тану талап арыздар бойынша азаматтық істерді қараудың сот практикасы туралы сөз сөйледі. Ол аталған санаттағы істер бойынша бірыңғай сот практикасын құру қажеттілігін атап өтті.

Әкімшілік соттың судьясы С.Искакбекова салық саласындағы әкімшілік істерді қарау кезінде туындайтын түйткілді мәселелер туралы айта келе, істерді шешудің маңыздылығы уәкілетті органдардың материалдарды дұрыс ресімдеуімен байланысты екендігін атап өтті.  

Экономикалық соттың судьясы А.Сләм заңды тұлғалардың тіркеуін жарамсыз деп тану нәтижесі бойынша енгізілген салық органдары хабарламаларына дау айтумен байланысты істерді қарау практикасы туралы айтып өтті.

«Дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша салық және кеден саласында құқық қолдану қызметін әрі қарай жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірледі.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі