Павлодар облыстық сотында балалар мүддесінде азаматтық сот ісін жүргізудегі өзекті мәселелерді талқылап өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Балалар мүддесінде азаматтық сот ісін жүргізудегі өзекті мәселелер» тақырыбындағы «дөңгелек үстелге» Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Саян Мұқанов, судьялар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның, білім беру бөлімінің, жергілікті полиция қызметінің, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, сарапшы-психологтар, медиаторлар, адвокаттар, жеке сот орындаушылар қатысты.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету республиканың мемлекеттік әлеуметтік саясатының басымды бағыттарының бірі болып табылатының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Б.Бегалиев «дөңгелек үстелдің» жұмысын аша келе белгіледі. Сонымен қатар, балаға достастық сот төрелігін іске асыруда судьялар маңызды рөл атқаратының айтып кетті.  

Девианттық мінез-құлығы бар балалар үшін арнайы білім беру ұйымдарына кәмелетке толмағандарды жіберу, балаларды асырап алу, бөлек тұратын ата-ананың баламен араласу тәртібін анықтауды сотқа дейінгі реттеу, бала ата-аналық қатынастардың сот психологиялық сараптамасы бойынша мәселелерді іс-шараға қатысушылар талқылады. 

Алименттерді өндіріп алу туралы сот шешімін шұғыл орындау қажеттілігіне ерекше көңіл бөлінді, сонымен қатар, аймақтық палатаның жеке сот орындаушылардың өкілдері атқару парақтарының негізсіз қайтару жағдайларына назар аударды.

Ювеналды соттың судьялары   Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиация орталығының басшысы Ольга Николашина балалар мүддесіндегі медиация институтының дамуы туралы ой бөлісті.

«Дөңгелек үстел» жұмысының қорытындылары бойынша іс-шара қатысушылары балалар мүддесіндегі ювеналды әділет жүйесінің барлық буындарының жұмысы туралы пікірлерімен және қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстармен алмасты.

Қайнар: 
Пресс-служба Павлодарского областного суда