Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі мәселелеріне арналған халықаралық конференция өз жұмысын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Ақмола облысының Бурабай аудандық сотында мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі мен экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар мәселелерін талқылауға арналған халықаралық конференция өз жұмысын қорытындылады.

Форум жұмысын қорыта келе, ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі –құқықтық және ұйымдастырушылық құралдарын, соның ішінде қылмыстық-құқықтық шаралар кешенін қамтамасыз ететін ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бөлігі болып табылатындығын атап өтті.

Кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау Мемлекет басшысы жариялаған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру аясындағы мемлекеттік саясат басымдықтарының бірі болып табылады. Қаржылық сот құру, Жоғарғы Сотта инвестициялық дауларды қарайтын мамандандырылған алқа және Жоғарғы Сот жанында экономикалық даулар бойынша сарапшылық-тәжірибелік пікір алмасу үшін шетелдік судьялар мен заңгерлерден құралған Халықаралық кеңес құру – мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға және кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын тиімді қорғауға бағытталған нақты іс-қимыл болып табылады.

Талқылау шеңберінде мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес қауымдастық өкілдерінің экономикалық саладағы құқық бұзушылықтарды тергеу және жаза тағайындау мәселелері бойынша кездесетін ұйымдастырушылық, құқықтық ақтаңдақтар, соның ішінде салық салу және мемлекеттік сатып алу саласындағы құқық бұзушылықтар, экономика саласындағы қылмыстық әрекеттердің жекелеген құрамдарын одан әрі декриминализациялау туралы ұстанымдары тыңдалды.

Абай Рахметулин Қазақстанда соңғы 5 жыл көлемінде экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды декриминизациялаудың бірнеше кезеңі жүзеге асырылғандығын атап өтті. Нәтижесінде жаңа Қылмыстық кодексте экономикалық қылмыстар құрамының басым бөлігінің, шамамен 70 пайызының санкциясы бас бостандығынан айырудың баламалы жазасы ретінде айыппұлдардың айтарлықтай көлемін, түзеу жұмыстарын және бас бостандығынан шектеуді көздейді.

Конференция жұмысының соңында қатысушылар Ресей мен Германиядан келген ғалымдар мен сарапшылардың, сот қауымдастығы, құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің айтқан ой-пікірлерін талқылай келе, сот-тергеу тәжірибесін одан әрі жетілдіруге, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғауға бағытталған ұсынымдарды әзірледі. 

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі