Архив событий

01/10/2015

5000 теңге пара алған учаскелік полиция инспекторының көмекшісі сотталды

01/10/2015

Мұнайлы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 1-бөлігімен (мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті берілген адамның не оған теңестірілген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның пара алуы) айыпталған Мұнайлы аудандық ІІБ-нің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Е.Досымбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ақмола облысында экономикалық қауіпсіздік мәселелеріне арналған халықаралық конференция өтуде

01/10/2015

Бүгін Ақмола облысының Щучинск қаласының Бурабай аудандық сотының ғимаратында мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі және экономика саласындағы қылмыстар мәселелерін талқылауға арналған халықаралық конференция өз жұмысын бастады.

Іс-шараны Жоғарғы Cот Қазақстанның Судьялар одағымен, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қорымен (IRZ), Америкалық заңгерлер қауымдастығының өкілдігімен (ABROLI) және Америка Құрама Штаттарының халықаралық даму жөніндегі агенттігімен (USAID) бірлесіп ұйымдастырды.

Соттар аға буын өкілдерін құттықтады

01/10/2015

Халықаралық қарттар күні Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының соттары сот жүйесінің ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін мерекелерімен құттықтады.

1990 жылдың 14 желтоқсанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының бастамасымен «Халықаралық қарттар күнін» мерекелеу туралы шешім қабылданды.  Содан бері аталған мейрам әлемнің барлық елінде 1 қазан күні аталып өтіледі.